Пятница, 26.04.2024, 04:47
Приветствую Вас Гость | RSS

Теміртау қаласының №9 лицейі

Меню сайта
Категории раздела
Мектеп жаңалықтар [0]
аропанопноп
jkhjlkhlk [0]
xcfbvf
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Балаларға кеңес

              ҰБТ тапсыратын оқушыларға ата – ананың,

мұғалімнің көмектерін көрсету және пайдалы ақыл – кеңестерін ұсыну

  • Емтихан туралы жағымсыз ой қалыптастырмаңыз.
  • Өз-өзіңізге сенімді болыңыз.
  • Емтихан сіздің жеке қасиеттеріңізді емес, білімдеріңізді тексереді.
  • Алдын ала: «Тапсыра алмасам не болады ?»-деп уайымдамаңыз
  • Емтиханнан өмірлік мәселе жасамаңыз.
  • Емтихан үстінде ішкі дауысыңызға ерік беріп: Мен тапсыра алмаймын . Мына сұрақты білмеймін. Шаруам бітті- деген ойларға батпаңыз.

Емтиханды сәтті тапсыру үшін бірнеше кеңесті тыңдаңыз !

Жинақтал! Қызметтік секторды толтырған соң, ойыңды жинақтап, тапсырмаларға үңіл. Уақыт шектеулі екенін ұмытпа. Асықпай тездет! Уақыттың шектелуі сенің жауаптарыңнын сапасына әсер етпеу керек.Жауап белгілер алдында сұрақты екі рет оқып ұғынып ал. Жеңілінен баста! Алдымен жеңіл тапсырмаларды орында. Осылай сен тез ойыңды жинақтап, жұмысқа кірісе аласын. Тастап кет! Қиын немесе түсініксіз тапсырмаларды тастап кет. Егер қиналатын тапсырмаларға тіреліп, жеңілдерін белгілеуге үлгермей қалсаң өкінішті болады. Тапсырманы соңына дейін оқы! Асығыста оңай сұрақтардан қате жіберуің мүмкін. Кезекті тапсырманы ойла! Жаңа тапсырмаға кірісер алдында басқаларын ұмыт. Әр жаңа тапсырма сенің ұпай жинауыңна мүмкіндік. Шығарып таста! Тапсырманы орындау барысында, бірден дұрысжауап іздемей, дұрыс  емес жауаптарын шығарып таста. Сонда бір екі жауаптан дұрысын табу жеңілрек болады. Уақыт алып қал! Уақытыңнын 2/3 бөлігін жеңіл тапсырмаларды орындап, барынша жоғары нәтижеге жетесің, Қалған уақытты күрделі тапсырмаларға қалдыр.

Тексер! Жауаптарыңды тексеруге уақыт бөл.

Тап! Егер жауабын білмей отырсаң, интуицияңа сен. Осы дұрыс болар деген жауабын таңда.

Мұңайма! Барлық тапсырманы дұрыс орындап үлгеру қиын. Жақсы бағаның өзі жеткілікті болуы мүмкін.

Мектеп түлектеріне арналған

бірнеше пайдалы кеңестер

  1. Мектептегі барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, білім алу мен ептілікке үйренуге өз белсенділігінді таныту.
  2. Қоғамдық ұйымдарда, жұмыстарда өз белсенділік көрсету.
  3. Өзіңнің  білімің мен ептілігіңе баға беруін талап ету. Әр пән бойынша қойылған баға берілуін талап ету. Әр пән бойынша қойылған баға өзіңнің білімің мен тәрбиеңе сәйкес болу керек.
  4. Үлкендер мен өз қатарластарыңа сый көрсету
  5. Әрқашан ұстаздар мен құрбы  жолдастармен тығыз қарым  қатынаста болуың шарт.
  6. Әрқашанда бойыңда әдепсіздік, дөрекілік қылықтардан аулақ бол.
  7. Өз бойыңды түзу ұстай отырып, әр уақытта адамдарға жақсылық жаса.
  8. Тұлғалық қасиетіңді: адамгершілік, үлкенді сыйлау, қайырымдылықта ұста.
  9. Қай мамандықты қаладың   сол туралы көп білуге тырыс.
  10. Дұрыс демалуды қарастыр
  11. Болашағыңды осы бастан ойлан.
  12. Уақытыңды босқа өткізбеуге тырыс.
  13. Алға қойылған мақсатыңыздың орындалуына күшіңізді салыңыз, толық сеніммен қараңыз.
  14. Мақсатқа жету үшін алға қойған жоспарыңыз анық болсын.
  15. Өзіңнің деңгейін білу, өз күшіне сену
  16. Күнделікті өз жүріс  тұрысына, мінез  құлқына есеп беру.
  17. Сенімсіздік, қорқыныш, үрей қалпының алдын алу, оны тудырмау.
  18. Әрқашан өзіне ұстамды, шыдамды, бекем болу.
  19. Кез келген жағдайда өзіңді адамгершілік өлшеміне сай ұста (ар, намыс)
  20. Оқуға арналған уақытты тиімді пайдалан,  іздене отырып, сабаққа тұраққа дайындал, сыныптан тыс өзіңе керекті қосымша сабақтарға қатыс.
  21. Мектеп мұғалімдерімен оның басқа да қызметкерлерімен қарым қатынаста әдепті бол
  22. Әдепсіз дқреккілікке жол берме, жігерлі бол
  23. Салдыр , салақтық ең жаман қасиет, аулақ бол
  24. Ынжықтыққа, жалқаулққа жол берме, өміріңді жаулап алады.
  25. Біріншіден мектеп бітірушілерге  кеңес бар ынта, назарларын алда келе жатқан ҰБТ ға аудару. Дайындық барысында оқушылар өз өзін іштей дайындау керек. Тестідегі сұрақтардың жауабын ойлап, асықпай, нақты түрде белгілеу керек. Ол үшін оқушы өзініғ мінез  құлқын өзгертіп, бұрынғы қызбалығын қою керек. Тек өзінің міндеті ҰБТ   ны жақсы тапсыруын ойлау керек. Мінезге сабырлылық, тиянақтылық қажет. Тестке жүрер алдында 1-2 күн бұрын дем алып, миды да демалдыру керек. Тестке кірер алдында өздерін байсалды ұстау керек.
  26. Уақытылы ҰБТ  ға бару.
  27. Толыққанды сенімді болу.
  28. Ештеңені ойламау, қорықпау.
  29. Жалпы ережені сақтау
  30. Өз  өзіне сенімді болу.
  31. Тек қага алға қарау.
  32. ҰБТ ге үнемі дайындықта болу.
  33. Өзіңе дұрыс баға беруге үйрету, өзін өзі тәрбиелеу. Өмірлік тәжірибе, өзіндік таным тұрақтылығы, ұжымдағы, қоғамдық дұрыс пікір, достар тарапынан айтылған сындар.
  34. Нақты өзін өзі бағалауға тәрбиелеу, өзін  өзі тәрбиелеу.
  35. Оқу  іс әрекетінің өзінің бағалауынан бастау керек. Әр жауабына өз ойыңнан баға беруге тырыс.
  36. Педагогтың берген бағасын өзіңнің бағалауымен салыстыр. Берілген баға мен өзіңді бағалау арасында қарама  қайшылықтың себебні анықтауға тырыс.
  37. Өөіңді бағалайтын үлгі идеал ұстағаның жөн.
  38. Өзіңді білу, өзіңді тану, талдау және бағалай білу.
  39. Мектепте өткен күндер туралы ойла.
  40. Мұғалімдердің жұмысын және ата  аналардың көмегін бағала.
  41. Өз  өзіңді және басқа адамдарды тыңда.
  42. Өмірдегі өз мақсатыңды анықта
  43. Өз сеніміңді іште сақтауға тырыс.
  44. Мұғалімдердің, сыныптағы  оқушылардың, ата  аналар арасында жылы қарым  қатынасты сақта.

Мен тұлғамын

      Мақсаты: жасөспірімдер арасында өзара түсіністік, жалпы адамзаттық құндылықтарди игеру мен қазіргі таңдағы қиыншылықтарды жеңуге тәрбиелеу.

      Өткізілетін жері: Ақтау қаласы №29 мектеп.

      Жүргізуші: Абдрасилова С.Н

      Қажет құрал-жабдықтар:

      Классикалық баяу музыка, түрлі түсті маркер, скотч, тақия/гигиена талабы сақталуы үшін газеттен панама жасауға болады / -20 дана, қолғап парсыз 20 дана, шарф 20 дана, қағаз майлық 20 дана, момент желімі 3 дана, А4 форматтағы қағаз 30 дана, пластикалық стақан 6 дана, визиткаға түрлі-түсті қағаз 20-25 дана, оны қыстыратын ағылшын инелері 20-25 дана.

      Жеңіл музыка әуенімен оқушыларды шеңбер бойымен жайғастыру.

      Қайырлы күн оқушылар. Осы кездесуге келгендеріңізге қуаныштымыз. Біздің міндетіміз сіздерді өмірге қуана білуге, ол қуаныштарыңызды жақындарыңызға, достарыңызға бере білуге дағдыландыру. Біз ашықтық, сенім атмосферасын жасаймыз. Бұл бір-бірімізден қысылмай, ұялмай жұмыс жасауымызға мүмкіндік береді. Жылы мейірімді атмосферада әр адамның ең қымбатты сүйіспеншілігі туралы әңгіме өрбітеміз.

1 кезең. Ал, енді бір-бірімізбен амандасамыз. Бізде ерлер қол берісіп, қыздар сәлеметсізбе деп амандасады. Ал, біз бүгін ерекше амандасамыз. Ерлер темпераментті италияндықтар сияқты бірін-бірі қатты қысып құшақтасады, ал қыздар бір-бірімен иық түйістіріп амандасады. Танысу мақсатында өздері визитка жаса, кеудесіне түйрегішпен қадайды.

Ал енді үш шапалақпен бір-бірімізді қошеметтейік.

2 кезең. Тақтада «Мен тұлғамын» сөзі ілінген.

Енді өзін мен тұлғамын деп атайтындар орындарынан тұрсын. Тұлғамын сөзінде 8 әріп бар әр әріпке қозғалыс берейік. Әр әріп жұмысқа кіріседі. Қалай. Оны қазір көресіздер.

Т әрпі А4 форматтағы тақтаға ілінген. «Түсіністік» тапсырмасы.

Тапсырма мынадай барлық тренингке қатысушылар жұпқа бөлінеді. 1 қолдары бос, 1 қолдарымен бір-бірін ұстап тұрады. Бастаңдар деген нұсқау берілгенде қонақтар бір-бірін киіндіре бастайды. Бізге алдын ала әр адамға тақия, шарф, қолғап дайындалған. Тапсырманы бір-бірінен ажырамай, көмектесіп, 1 қолмен орындауы қажет. Дұрыс және тез орындаңыздар.

Ұ әрпі тақтада ілінген «Ұқыптылық» Ойын «Мен борщқа салдым»

Мақсаты есту арқылы интеллектуалдық қабілетін дамыту.

Жүргізуші: Мен борщқа қызылша салдым деп бастайды. Алдыңғы айтылған сөзді қайталап отырып, өзінен бір сөз қосады. Мен борщқа қызылша және қырыққабат салдым деп жалғастырады. Жүргізуші көмек ретінде керек сөздерді айтуына болады, картоп, жуа, ет, тұз, бұршақ, болгар бұрышы, қызанақ, қаймақ, сәбіз.

Қорытынды: әркімнің есте сақтау қабілеті әртүрлі. Біз барлығын есте сақтай аламызба? Ендеше өз есте сақтау қабілетімізге көңіл бөлуіміз керек.

Л әрпі тақтада ілініп тұр ЛЕБІЗ қандай ол?

Ойын басталарда әрқайсыңыз қағаз майлық алыңыздар.  Осы қалыпта ұстай тұрыңыздар.

Менің айтқанымды бұлжытпай орындаңыздар.

  • Майлықтың оң жақ шетін жыртыңыз, енді ортасынан бүктеп оң жағын, ортасынан бүктеп оң жағын. Жалғасады. Енді салфетканы ашып, қараңыз не шықты? Бәріңізде бірдей ме? Неге бірдей шықпады? Бәрміз бір нұсқауды орындадық емеспе?
  • Қорытынды біз бәріміз әртүрліміз, яғни бір нұсқауды әр оқушы әртүрлі қабылдайды, қайталанбас тұлғамыз.
  • Олай болса біз әрқайсымыз әртүрлі екендігімізге көз жеткізейік.
  • Ғ әрпі тақтада ілінген. ҒАЖАП. Ойын «сөйлемді  аяқта»
  • Берілген аяқталмаған сөйлемдерді аяқтаңыз. Сіздің мақсатыңыз, берілген сөйлемдерді қызықты, ерекше етіп аяқтау. Әрине әзілқойлығыңыз аяқталады. Кезектесіп тізбек ретінде біріңізден кейін біріңіз жалғастырыңыз. Ал кеттік бастайық.

        Біріңізден кейін біріңіз жалғастырыңыз:

Менің бойым кішірек болғанымен, есесіне...

Мен кейде шыдамсызбын, есесіне...

Мен жалқаумын, есесіне...

Мен ұялшақпын, есесіне...

Мен айқайлай беремін, есесіне...

Мен үндемейтін адаммын, есесіне...

Мен кешірімдімін, есесіне...

       Сөйлемді аяқтаңыз /ауызша/

Мен – тамаша гүлмін...

Мен еріп тұрған кесек мұзбын...

Мен балық сияқты ...

Мен әнмін /өлеңмін/...

Мен – «о » әрпі сияқты...

Мен – жол сияқты...

Мен – желмін...

Мен атыңыз /салтанат/

Мен – жасай аламын....

Менде ... бар...

Мен сырт көзге ...

Мен үйрене аламын ...

Мен ұл /қыз/ болғандықтан ...

Мен – оқушы болғандықтан ...

Қорытынды әркімді әртүрлі нәрсе қызықтырады. Біз әркімнің ой тілегін құрметтеуіміз, сыйлауымыз керек, әсіресе бір-біріміздің.

А тақтаға ілінген АДАМ ғажайып жаратылыс.

Ойын заттың жаңаша қолданылуы.

Сіздерге кәдімгі күнделікті заттың аты аталады. Сіздің мақсатыңыз осы затты басқаша қолдану. Заттар параққа жазылған, таратылып беріледі.

Заттар: пластик бөтелке, газет, бос қорап, бөтелке тұғыны, қаңылтыр банка, конфеттің фантигі, чемодан.

Қорытынды: Кез келген уақытта оқушыны тартымды нәрсеге қызықтыруға болады. Бала бойынан шығармашылық бастама табылады. Сондықтан алғашқыда қажетсіз деп санаған нәрсеге қолданыс табуға болады.

М әрпі тақтаға ілінген Махаббат – өмір нәрі.

Ойын :»Адам қоныстанбаған арал.» 3 топқа бөлінеміз.

Көз алдыңызға елестетіңіз. Сіздің жанұяңыз адам қоныстанбаған аралға экспедиция жасауға тура келеді. Сіздер өздеріңізбен шамалы ғана зат алапар аласыздар. Қандай зат алатындарыңызды ақылдасып барып шешіңіздер. 1 минут ішінде. Берілген тізімнен ең қажет деп тапқан 3 затты ғана аласыздар. Осы таңдаған заттарыңызды не үшін алғандарыңызды түсіндіріңіздер.  Тізім әр топқа беріледі:

Заттардың тізімі: аңшылық пышақ, әркімге 1 литрден су,, қалта фонары, қалта айнасы, компас, полиэтиленді плащ, аңшылық мылтақ, алтын, гаухар тас, тұз, аңшылық ит, ұялы телефон.

3 қажет зат, топ қандай келісімге келді? Топтың ойын тыңдау.

Қорытынды отбасы мүшелерімен және достарымызбен келісімде болу.

Ы әрпі ЫҚЫЛАС Қай кейіпкерге ықыласыңыз ауады?

Қазір сіздер өздеріңізге 21 дос таңдайсыздар. АТОС, Портос, Арамис, Д,Артаниян / кейіпкерлердің аттары бөлменің әр жерінде ілінген.  Қонақтар өз кейіпкерлеріне барады.

Атос – тұйық, құпия, білімді адам.

Портос – мейірімді жүректі адам.

Арамис арманшыл, романтикалық адам.

Д,Артаниян кез келген жағайдан оңай жол табатын іскер адам.

Жүргізуші: Бірінші ой бойынша – адам өзіне досты өзінде жетпейтін қасиет бойынша таңдайды.

Екінші ой – өзіне жаны ұқсас адамды таңдайды.

Бұл соңғы жаттығу болатын Топтар өз орындарына барады. Өздеріңізде байқаған болатын шығарсыздар, бүгінгі кездесуіміз арқылы әр тұлға – терең, таусылмас, тұңғиық, тылсым әлем екеніне көз жеткіздік. Әр тұлғаның өзіндік идеясы, жолы, кеңістігі бар.

Н әрпі – Намыс оты жүректерде жанады.

Рефлексия

Оқушылар ақ ватман қағазына қол іздерін сала отырып, өздерінің бүгінгі кездесуден алған ой-пікірлерімен бөліседі.

Аңыз. Бір оқушы жиі созылмалы депрессиямен ауырған екен.

  • Дәрігер маған бұл күйден айығу үшін дәрі ішуді баста дейді.
  • Бауырыма әсер етіп, өмірімді қысқартама деп қорқамын дейді бала.
  • Сен сау бауырды ма, әлде жақсы көңіл-күйді бағалайсыңба? 20 жыл ұйқыдан 1 жыл жақсы өмір сүрген артық емеспе?
  • Соңынан ғұлама шәкірттеріне былай деген екен:
  • Өмір ертегі сияқты: ұзақ па, қысқама шарт емес, ең бастысы – жақсы өмір сүріп жатырсыңба?

Бала өмірге өткен шақсыз, белгілі бір ұстанымсыз өзін-өзі қалай ұстау керектігін өзін өзі бағалау өлшемі туралы білмей келеді. Ол жан-жағындағы адамдардың өмірлік тәжірибесінен тұлға ретінде оған айтылған пікірлерден бағдар алуға мәжбүр. Сухомлинскийдің «Отбасы мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толыққанды тәрбие болады.

Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы

      «Тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс»деп ұлы орыс педагогі В.Г.Белинский айтқандай,бұл отырысымыздың тақырыбы  «Отбасы және мектеп ынтымақтастығы» деп аталады. «Отбасы және мектеп».Осы  сөздің өзіне   назар аударсақ, «Отбасы»сөзі деген бірінші жазылған,өйткені бала отбасында өмірге келіп,ең алғашқы тәрбиені отбасында бастайды.
Психологиялық жаттығу «Міне, керемет жарайсың!», «Қандай тамаша!»

Өз балаңыздың бойындағы жақсы көретін бір қабілеті немесе талантын атаңыз. (тез жүгіреді, жылдам оқиды, жақсы ән айтады, әдемі билейді және т.б.) басқа қатысушылар осы сәтте «Міне, керемет жарайсың!», «Қандай тамаша!» деп қошемет көрсетеді.

  • Құрметті қатысушылар, сіз жаттығу барысында өзіңізді қалай сезіндіңіз?
  • Өз балаңыз туралы мақтау сөз айтқанда басқалардың қошеметі сіздің көңіліңізден шықтыма?
  • Басқа қатысушылардың арасында не себептен өз баласына құрмет сезімін білдіру қиыншылық келтірді деп ойлайсыз?

      Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымаңтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, өйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың төртібі, міндеттері, қойылатын
талаптьар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын , ұйымдастыру.
Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі - өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптардыр орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрінетін И.П.Павловтың іліміне негізделеді.
Күн төртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыңқа, дәлдікке  мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.
Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.
Отбасында күн тәртібінің негізгі құрамды бөліктері - еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, үйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.
Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа жағдайлар:
•  отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
•  тіршілік әрекетінің жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік ңүрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.
•  отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы  мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спорт-пен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.
•  ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.
•  қоғамға көзқарасы: еңбек пен қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.
• отбасының тәрбиелік мүмкіндігі: отбасылық тәрбие, әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі. Отбасының осы ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.
Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау қызметі.
Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке үшырауының басты себебі - тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарастарының жеткіліксіздігі, адамның көңіл-күйі мен материалдық, өлеуметтік жағдайының нашарлығы. Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептері:
•   отбасындағы өктемдіктің баланы өзін-өзі басқарудан, билеуден айырып, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігерінің төмендеуі, сезімінің мұқалуы;
•  баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді;
•  отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты пайдаланып, баланың екі жүзді және жағымсыз нерсеге бейім болып өсуі;
•  ата-ананың баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысып, баланың қалыптасуына кері әсер етуі;
•   ата-ананың баласының іс-әрекетіне немқұрайды қарап, жауапсыздық танытып, баланың, кездейсоң, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алуы.
Ата-ана абыройы дегеніміз - бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиеті, күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білу - отбасы тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.
3. Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасап, ата-аналарды, жұртшылықты қатыстырады. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысандары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы - ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолмен қарастырылады. Сынып ата-аналары жиналысында ата-аналаар комитеті, олардың төрағасы сайланады.
Байланыс нысандарының бірі - педагогтардың оқушылар үйіне баруы.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір түрі - педагогикалық насихат, яғни ата-аналарға педагогикалық білім беру. Қазіргі ата-аналар және қалық бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудық маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуге әсер етеді. Н.К.Крупская ата-аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудық қажет екенін бірінші рет айтқан болатын. Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ата-аналардың ықпалы олардың жалпы және педагогикалық мәдениетке байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық "Білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрган міндеттердің бірі.
Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға комектесіп, балалардың демалысын, қиын отбасыларын қамқорлыққа алып, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысып, ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізуге арналған дайындық жұмыстарына қатысады.
Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің жоспары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.
Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады, Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетіным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.
       Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.
 Мектептің, отбасының, бүкіл халықтық және мемлекеттің иггізгі мақсаты - қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылы-гиның салаларында еңбек етуге даярлау.
Мектептің сенімді одақтасының бірі — отбасы Мектеп - өзгеріп отыратын жағдайлар мен құбылыстарды ажырата білетін, жасампаз шығармашылық тұрғысынан өр қү-Гм.Ілысқа баға бере қарайтын, болашақ мамандық иелерін, қоғам м(чі заман талабына сай талаптарды көре біліп, іс жүзінде асы-рптын жеке тұлға әзірлейтін мемлекеттік мекеме. Олай болса мектеп өзіне бөлініп берілген шағын ауданда мемлекет атынан Іс-әрекет жасай отырып, Негізгі заңда (Конститутцияда) жазылған білім беру саласындағы қағидаларды, ата-аналармен, әрбір отбасымен бірлесе отырып іске асырады. Ынтымақтастықтың бірнеше түрі бар. Ата-аналарды педагогика-психологиялық білім негіздерімен қаруландырып отыру мектептің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Ата-аналарға педагогикалық білім беру үшін ата-аналар конференциясы, әңгімелер, сұрақ-жауап, консультациялар өткізіледі.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің жоғары түрі - халық университеті. Университет арқылы ата-ана психологиялық-педагогикалық білім алып, тәрбие мен оқыту теориясы және тәжірибе саласында білім жинақтайды. Бұл сабақтардың тиімділігін арттыру үшін конференциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар, кеңестер, экскурсиялар пайдаланылады. Ата-аналар рефераттар жазып өткізеді. Университетте өтетін сабақтар бағдарламалар мен оқу жоспары, сабақ кестесі бойынша белгілі бір жүйемен жүргізіледі. Бүгінгі өзгерістерге байланысты бұлардың өзіндік ерекшеліктері қалыптасуда.
Нарықтың әкономикаға өтумен байланысты бұл салада ойланып істейтін шаралар көп. Егер қоғамға пайдалы адамдар тәрбиелеп шығару қажет деп тауып, педагогикалық білімнің маңызын көтеру қажет болса, мемлекет оны шешудің экономикалық кілтін табады.
Құрметті қатысушылар сіздерге  жеке сөз беріліп ой түйінделеді.
1.Сөз «Айна»
2.Сөз «Қайшы»
3.Сөз «Барыс»
Айна-баланың өмірі айнадай жарық,әдемі болсын деймін,ол үшін жан-жақты жұмыс атқаруға үлес қосамын.
Қайшы-қайшымен негізі артық,керегі жоқ заттарды қиып жатамыз.Бір сабы мектеп болса,бір сабы ата-ана болып,баланың өміріне төніп тұрған жаман нәрселерді қиып тастап,бірігіп іс атқарайық.
Барыс-жеке тұлға ертеңгі елімнің барыс-болашағы.Сондықтан да саналы,білімді,тәрбиелі шәкірт тәрбиелейік.

        Қортынды:- Құрметті  ұстаздар! Біздің балалар-біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз,бұл біздің көз жасымыз, бұл-басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз болмасын десеңіз, бала тәрбиесіне келгенде ешқашанда «кеш қалмаңыз!»

        Әдебиеттер:
1. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев.Педагогика. - Алматы, 2000.
2. Е.Сағындықұлы, Педагогика(дәстүркурсы). - Алматы, 1999.
3. А.О. Пинт. Ата-аналар, сіздер үшін. - Алматы, 1972.
4. Ю.П. Азаров. Отбасы педагогикасы. - Москва, 1985.

Өз сенімділігіңізді қалай арттыруға болады?

«Сенімділік» жаттығуы

Мақсаты: Оқушылардың өзара бір-біріне деген қарым-қатынасын жақсарту, өзара сенімділік қалыптастыру.

Барысы:  Оқушылар шеңбер бойына тұрып өз жұптарымен қарындаш көмегімен сұқ саусағы көмегімен жаттығуды орындайды. Жаттығу бірнеше команда бойынша орындалады.

Топтағы балалар бой-бойларымен тұрып осы жаттығуды жұпта қайтадан жасайды. Келесі кезекте оң және сол жақтағы көршісімен бірлесе отырып, жаттығуды жалғастырады. Оқушылар психологтің берген командасы бойынша 3 қадам оңға, 3 қадам солға, келесі кезекте біртіндеп жаймен қолдарындағы қарындашты түсіріп алмай отыра бастайды.

  • Қалай ойлайсыздар сіздерге «Сенімділік жаттығуын» жұпта орындаған ұнадыма? Әлде топта орындағанба?
  • Өз жұптарыңызбен жаттығу барысында не сезіндіңіз?
  • Қалай ойлайсыздар жекелеген жұптарда қарындаштың қолдан түсіріп алған оқушылар болдыма?

«От шашу» жаттығуы. 

Мақсаты: Оқушылардың дене қимылдарын жақсарту, қол және қозғалыс  әрекеттерін орындау арқылы, Ұлы Жеңістің қуанышын сезіне білуге, өз бойларынан өткізуге үйрету.

Бүгінгі оқу күніміздің тақырыбымызбен мағыналас бұл жаттығу Ұлы жеңістің 70 жылдығына біздің шашуымыз деп біліңіздер.

Оқушылар 5 рет жаттығуды орындайды.

3 қараша 2015ж «Мың бала Республикалық жоба» аясында ұйымдастырылған «Қалалық оқу күні»

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024