Четверг, 25.04.2024, 14:26
Приветствую Вас Гость | RSS

Теміртау қаласының №9 лицейі

Меню сайта
Категории раздела
Мектеп жаңалықтар [0]
аропанопноп
jkhjlkhlk [0]
xcfbvf
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Діни экстремизмнің алдын алу

Теміртау қаласы әкімдігінің №9 мектеп лицейі КММ

Діни экстремизмнің алдын-алуға байланысты жүргізілген жұмыстар бойынша ақпарат

        Мақсаты:

  1. Оқушылардың адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
  2. Оқушылардың діни көзқарасын қалыптастыру.
  3. Оқушыларға «экстремизм», «терроизм» ұғымдарын қалыптастыру.

Осы мақсатқа сүйене отырып №9 мектеп лицейінде діни-экстремизмнің алдын-алуға байланысты  жоспар құрылып мына төмендегі жұмыстар жүргізілді. Қыркүйек айында 5-11 сынып оқушыларымен  «Діннің рухани байлығы»  тақырыбында  ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Желтоқсан айында «Діни экстремиз дегеніміз не? » тақырыбында 11 А сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті. Оқушылар арасында қазіргі таңда әлемнің түкпір –түкпірінде болып жатқан діни экстремизм және терроризмнің алдын-алуға байланысты  сұрақтар қаралып талқыланды.

          Оқушыларға «Хиджап, паранжа, қысқа балақты шалбар кию, сақал қою» мәселелерін түсіндіріп өтті. Дүние жүзінде діндердің таралуы бойынша біраз мәліметтер берілді.

Қаңтар айының 13 жұлдызында «Экстремизм және тәрбие» тақырыбында 7А,Ә сыныптарымен дөңгелек үстел өтті.  Қазіргі кезде қоғамымызды , адам  санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Олардың қаншама біз білмейтін түрлері бар. Сонымен қатар оның адам санасына, өміріне деген қаншалықта зиян келтіріп жатқанын көптеп естіп жүрміз. Міне осы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет бере отырып, біздің мұсылман дінімізде оларды қолданудың, қабылдаудың зияны мен күнәсі көрсетілген. Осы адастырушы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет бере отырып және олардан аулақ болуын айтып өтті.

    Қатысушы 8,9,10,11  сынып оқушылары 

Оқушылардың діни экстремизмге байланысты қойылған сұрақтарға  жауап беру үстінде 

                 

  Бекітемін:

Теміртау қаласы әкімдігінің

« Теміртау қаласы № 9 мектеп - лицейі»КММ

директоры Нургалиева К.А

___________

«       » ____2016ж

 

Теміртау қаласы әкімдігінің « Теміртау қаласы № 9 мектеп - лицейі»КММ

2016 - 2017 оқу жылына арналған жасөспірімдер арасындағы діни экстремизмнің

алдын -  алу іс-шараларының жоспары.

Іс -шаралар

Мерзімдері

Жауаптылар

1

2

3

4

1

«Оқушылардың діни көзқарасын анықтау» сауалнамасы орта және жоғарғы сынып оқушылармен ата – аналарына сауалнама жүргізу.

Қыркүйек

Т.Ж орынбасары АсадоваМ.Т

Мектеп психологі Абдрасилова С.Н

2

«Терроризм – ғасыр қаупі»,  «Әлемдік діндер. Тарих және заман»,  «Ислам мәдениеті» және т.б сынып сағаттары

Оқу жылы бойы

Т.Ж орынбасары АсадоваМ.Т

Сынып жетекшілері

Кітапханашы

3

Кітапхана қорындағы рұқсат етілмейтін діни танымдық әдебиеттер тізімін анықтау.

Қыркүйек

Т.Ж орынбасары АсадоваМ.Т

Кітапханашы

4

Кітапханадағы «Дін және қауіпсіздік»,  «Діни диолог» тақырыптық сөресін безендіру

Тоқсанына бір рет

Кітапханашы

5

Мәдени және діни жан-жақтылық, діни экстремизмнің алдын алу мәселесі бойынша мектеп газеттерін шығару

Тоқсанына бір рет

Сынып жетекшілер

Мақабыл Ғ

6

Тақырыптық мерекеліе іс- шарала:

-тілдер мерекесі;

-ынтымақ бірлік күні

-оқу күні

Қазан

Т.Ж орынбасары АсадоваМ.Т

Сынып   жетекшілер

7

Достық туралы бейнефильмдер қарау

Қазан

Сынып жетекшілері

Кітапханашы

8

«Құқық бұзушылықтар мен діни экстремизмнің алдын алу», «Балаға күйзеліс жағдайында психологиялық қолдау көрсету», «Заң және жауапкершілік» ата-аналар жиналысы

Оқу жылы бойы

Т.Ж орынбасары АсадоваМ.Т

Психолог

Мектеп    инспекторы

9

«Терроризмнен азат әлем!», «Біз терроризмсіз әлемді қолдаймыз!» суреттерінің, плакаттарының конкурсы

Оқу жылы бойы

Сынып жетекшілері

Мақабыл Ғ

10

Бос уақытын тиімді пайдаланатын спорттық мәдени үйірмелерге қатысатын оқушылармен, қоғамдық орында құқық бұзушылықтың алдын – алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Үнемі

Мектеп әкімшілігі,

ТЖ орынбасары Асадова М.Т.

Сынып жетекшілігі

11

Терроризммен күрес туралы әңгімелесулер, «Жасөспірім және әртүрлі діни секталар», «Теракт қаупі төнгендерді іс-әрекеттер», «Конфессияаралық және ұлтаралық ынтымақтастық-тұрақтылық негізі»

Оқу жылы бойы

Т.Ж орынбасары АсадоваМ.Т

Сынып жетекшілері

Кітапханашы

12

Діни ұйымдарға баратын оқушылар мониторингісін жүргізу.

Үнемі

Т.Ж орынбасары АсадоваМ.Т.

Тарих пән мұғалімі Баркен З

13

 

Адамгершілік сабақтары: «Дін. Саясат. Атеизм» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізу.

Қараша

Т.Ж орынбасары Асадова М.Т. сынып жетекшілер

14

Діни экстремизмнің алдын алу жұмысы бойынша есеп.

Желтоқсан, Мамыр

Т.Ж орынбасары Асадова М.Т

15

Сынып жетекшілер әдістемелік отырысында  саяси ұлттық және діни экстремизмнің алдын -алу, жастар арасында толлеранттылық сананы қалыптастыру  сұрақтарын енгізу.

Қаңтар

Сынып жетекшілер бірлестігі Нұрлыбаева К.С

16

Этносератаизм және экстремизмге қарсы оқушылармен  нұсқаулықтар жүргізу

жылына 2 рет

Т.Ж орынбасары Асадова М.Т.

Алғашқы әскери дайындық мұғалімі

Хапура Н.

17

«Әскери патриоттық тәрбие» айлығын өткізу.

Наурыз

Алғашқы әскери дайындық мұғалімі

Хапура Н.

18

Дәрістер, конференциялар,семинар-тренингтер

Оқу жылы бойы

Т.Ж орынбасары АсадоваМ.Т

Мектеп психологі

19

«Біз терроризмге қарсымыз!», «Менің Отаным -Қазақстан» шығармалар конкурсы

Сәуір

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері

Ақпараттық үгіт насихат жұмысы

20

Оқу залында көрме ұйымдастыру;

«Қазақстан тарих сабақтары- толеранттылыққа жақын жол»,

«Зорлық- зомбылықсыз әлем»,

«Қазақстан халықтарының өнері мен әдебиеті»

жыл бойы

Мектеп кітапханашысы.

21

Діни танымдық белгілер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

тоқсанына бір рет

Т.Ж орынбасары Асадова М.Т.

22

Адамгершілік сабақтары: «Дін. Саясат. Атеизм» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізу

айына бір рет

Т.Ж орынбасары Асадова М.Т. сынып жетекшілер

23

Толлеранттылық апталығын өткізу.

15-21 қараша

Т.Ж орынбасары Асадова М.Т.

сынып жетекшілер

24

Сынып жетекшілер әдістемелік отырысында  саясм ұлттық және діни экстремизмнің алдын -алу, жастар арасында толлеранттылық сананы қалыптастыру  сұрақтарын енгізу.

тоқсанына бір рет

сынып жетекшілер бірлестігі Нұрлыбаева К.С

25

«Толлерантылыққа 20 қадам», «Толлеранттылық мұғалім »  тақырыбында тренинг өткізу.

Наурыз

Мектеп психологы Абдрасилова, сынып жетекшілер

26

Діни экстремизм алдын –алу жұмыстары бойынша  бұқаралық ақпараттық құралдарымен жарыққа шығару.

үнемі

Т.Ж орынбасары   Асадова М.Т.

 

Орындаған:

Асадова М.Т.

Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласы №9 мектеп лицейі» КММ

Діни экстремизмнің алдын-алуға бағытталған іс – шаралардың есебі.

2015-2016 оқу жылы.

Мақсаты:

Оқушылардың адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей отырып, діни көзқарасын «экстремизм», «терроизм» ұғымдарын қалыптастыру.

Осы мақсатқа сүйене отырып №9 мектеп лицейінде діни-экстремизмнің алдын-алуға байланысты  жоспар құрылып мына төмендегі жұмыстар жүргізілді. Мектеп жоспарына сай Қазақстан Республикасының Президентінің  жарғысының орындалуы негізінде мектепте  жасөспірімдер мен жастар арасында  діни экстремизмнің алдын-алу ақпараттық бұрышы дайындалды. Мектеп оқушыларына жылына екі рет этносератаизм мен  экстремизмге қарсы оқушылармен нұсқаулықтар  тәрбие ісінің меңгерушілері таныстырып отырады.  «Терроризм мен экстремизмнің алдын алу және ескерту шаралары» дөңгелек үстел,  «Діни экстремизмнің әлемдік қауіп қатері» баяндама  «Қазіргі діни ұйымдар» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Айкинбаева С.Н. оқушылар  арасында қазіргі таңда әлемнің түкпір –түкпірінде болып жатқан діни экстремизм және терроризмнің алдын-алуға байланысты  сұрақтар қаралып талқыланды. Оқушыларға «Хиджап, паранжа, қысқа балақты шалбар кию, сақал қою» мәселелерін түсіндіріп өтті. Дүние жүзінде діндердің таралуы бойынша біраз мәліметтер берілді.

     Қазан айында адамгершілікке, имандылыққа  машықтау мақсатында «Дін, Саясат, Атеизм» тақырыптарында 5-11  сыныптарда сынып сағаттары  өткізілді.

 Мектепшілік ата-аналар жиналысында «Абайлаңыз секта», «Эксремизмнің қаупі», «Христиан және ислам Қазақстанның негізгі діндері», « Жасөспірімдер арасындағы экстремизмнің алдын-алу жұмыстары» тақырыбында баяндама, сауалнамалар алынып оқушы ата-ана , мұғалім болып ынтымақтастық негізінде жұмыс жасалуы көзделді.Әр тоқсан сайын «Діни танымдық белгілер туралы» түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырды. Қазіргі кезде қоғамымызды , адам  санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Олардың қаншама біз білмейтін түрлері бар. Сонымен қатар оның адам санасына, өміріне деген қаншалықта зиян келтіріп жатқанын көптеп естіп жүрміз.

        Міне осы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет бере отырып, біздің мұсылман дінімізде оларды қолданудың, қабылдаудың зияны мен күнәсі көрсетілген. Осы адастырушы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет бере отырып және олардан аулақ болуын айтып өтті.

          Наурыз айында қалалық білім бөлімінен келген   ҚР 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың мемлекеттік бағдарламасының  2016 жылдың бірінші тоқсанында 5, 33, 35, 36, 37, 38, 43, 45, 46, 47, 103 пункттері бойынша  жұмыстар жүргізілді.

Мектеп – лицейімізде 2016 жылдың 26 сәуірінде діни экстремизмнің алдын-алу жұмыстары  бойынша 8-9 сыныптар арасында кездесу болып өтті. Кездесуге қаламыздың бас имамы Тореханов Мусахан мен Ахметов Т.Д  және білім бөлімінен Абенова Д.С қатысып оқушыларға үгіт насихат пен әңгімелер жүргізді.

«Діни экстремизмді алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда ертең бірлігімізге сызат түседі. Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: Қазіргі таңда діни - ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Енді осы экстремизмнің мағынасын объективті түрде түсіндіріп көретін болсам,. Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөз.       

Бұл кездесуге мектеп – лицейінің ТЖ орынбасарлары Асадова М.Т және Хиса Ж мен мектеп инспекторы Е.А.Талипбаев қатысты. Мешіт мешіт имамы оқушылармен сөйлесе отырып « Намаз», « Намаздың орындау ережелері», « Көшедегі әдеп » жайында айтып кетті.

            

 

 

 

 

 

 

 

 

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024