Четверг, 25.04.2024, 09:42
Приветствую Вас Гость | RSS

Теміртау қаласының №9 лицейі

Меню сайта
Категории раздела
Мектеп жаңалықтар [0]
аропанопноп
jkhjlkhlk [0]
xcfbvf
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Кәсіподақ жұмысы

Теміртау қаласы КММ-нің «№9 мектеп-лицейінде» Кәсіподақ мүшелерімен бірлесе отырып жылдық жоспары құрылды. Кәсіподақ бұрышы дайындалып, туылған күн иелерін ай сайын құттықталып, мерей той иелерін ұжым атынан құттықтап отырылды. Мерей той иелерінің тізімі жасалып, туылған күндеріне сәйкес құттықталып отырылды.

Әрбір оқу жылының қаңтар жане қыркүйек айларында жұмыскерлердің еңбек өтілімін санау комиссиясы құрылып, мектеп қызметкерлерінің стаждары саналды.

Наурыз айында 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесіне сәйкес, концерт ұйымдастырылып, аналар мен қыздар қауымын құттықтап, бөлінген қаржыға әрбір ұстазға сыйлық жасалынды. Бұрынғы ұжымда жұмыс жасап, зейнеткерлікке шыққан ұстаз-мұғалімдерді концертті тамашалауға шақырып, сыйлықтар жасалды.

22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне политехникалық-жаратылыстану пәндер кафедрасы ұстаздары концерттік бағдарлама дайындап, ұлттық салт-дәстүр көріністерін көрсетті. Мектепішілік ұжыммен бірлесіп, дастархан басында жаңа жылын қарсы алу ұйымдастырылды.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ер азаматтарды мерекелерімен құттықтап, қыздар атынан музыкалық сәлем жолданды. Мектебімізде жұмыс жасайтын ер азаматтарды мерекелерімен құттықтап, кәсіподақ ұйымы атынан сыйлық жасалды.

Кәсіподақ ұйымы мүшелерімен мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен 26 сәуір күні «Олар мәңгі жадымызда» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік концертке еңбек жолын білім саласына арнаған ардагерлеріміз шақырылды.

Әрбір оқу жылының соңғы қоңырау мерекесінен кейін мектеп мұғалімдерінің жылдық қорытынды рейтингісі дайындалып, Үздік мұғалімдер, сынып жетекшілер, белсенді қоғамдық жұмысқа қатысушылар марапатталады.

1 маусым балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Маленькая страна» кәсіподақ ұйымы қызметкерлерінің балаларына арналған фестивальге мектебіміздің үлгілі ұстаздарының баласы өз өнерін көрермендерге ұсынылып, мадақтама мен сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар, мектеп ұжымы биылғы Болашақ энергиясына бағытталған ЭКСПО көрмесіне 63 мектеп қызметкері бірлесіп барып қайтты. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілер үшін бұл үлкен идеялар мекені болса, мектеп ұжымының тығыз қарым-қатынас жасауына мол түрткі болды.

Оқу жылы барысында кәсіподақ мүшелерінің қауіпсіздік ережелері мен оқушылардың өмір қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат жұмыстары мен жаттығулар жүргізіліп тұрды.

      

      

      

      

 

 

 

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024