Суббота, 20.04.2024, 00:56
Приветствую Вас Гость | RSS

Теміртау қаласының №9 лицейі

Меню сайта
Категории раздела
Мектеп жаңалықтар [0]
аропанопноп
jkhjlkhlk [0]
xcfbvf
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін тарату

«Теміртау қаласы №9 мектеп-лицейі» КММ

Бүгін 04.03.2020 ж. Теміртау қаласы №9 мектеп-лицейімізде «STEAM-оқыту: практикадан теорияға дейін. Шығармашылық ізденістен – инновациялық қадамға» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Қатысушылар: Теміртау қаласының Білім беру бөлімінің басшысы Әшім Есентай Мұқатайұлы, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының  директорлары.

Мақсаты: Әлемдік өзгерістерге бейім, көшбасшылыққа, өмір бойы үздіксіз білім алуға талпынатын білімді және кемел жастарды тәрбиелеу.

Семинар «Жас натуралистер» жылыжайымен таныстырудан басталып. «STEAM» эсперементтер жүргізу курстарынан бастауыш сыныптарында, жоғарғы сыныптарда жаратылыстану бағытындағы пәндерден  сегіз -ықшам сабақтар көрсетілді. Семинарға қатысушылардың пікірі бойынша сабақтар жоғары деңгейде өткізіліп, мақсаттарына жетті. «Арманы асқақ оқушы» инновациялық көрмесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жобалар көрмесімен үйлесімін тапты. Әр жобаға тоқталып, жобаның бағытын айтып, ұйымдастырылған іс-шараларды қорғаған оқушылар «STEAM» бағытындағы пәндерді қалай меңгергенін көрсете білді.

 Әсіресе лицей оқушыларының қолдарынан жасаған роботтары   өте әсерлі болды. «Гидропоника технологиясы-озық инновация» атты шебер сабақта өсімдіктерді топырақсыз суда өсіру тәсілі көрсетілді.  Cooking Club мүшелері «Дұрыс тамақтану тиімді мәзірі» шебер сабағында тәтті сусын, сабын жасау әдіс тәсілдерімен бөлісті. «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» әдіскерлері А.Ш.Кусаинова,   Игиликова Н.З.  «Кітап туралы сөйлеу» тренингін өткізді.

Мектептің миссиясы бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қорытындысы оқушылардың мерекелік құттықтауымен аяқталды.

    

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024