Пятница, 29.03.2024, 16:42
Приветствую Вас Гость | RSS

Теміртау қаласының №9 лицейі

Меню сайта
Категории раздела
Мектеп жаңалықтар [0]
аропанопноп
jkhjlkhlk [0]
xcfbvf
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Кітапхана туралы мәлімет

Теміртау қаласы «№9 мектеп-лицейі» ақпараттық-кітапханалық қызмет  туралы мәлімет

     Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш-білім және білімді ұрпақ.

     Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арнаған әр жолдауында мемлекетіміздің алға қойған мақсатының бірі - әлеуметтік-мәдени өмір, тұлғаның қадір – қасиетін бағалау, өркениетті елдердің қатарына қосылу, сондай-ақ білімді техникалық ақпаратпен қамтамасыз етудің әлемдік деңгейіне жетуді көздеген. Ол үшін кітаптың маңызы зор. Сондықтан да бабаларымыз «Кітап – білім бұлағы, білім өмір шырағы», «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» деп, өсиеттерін келешек ұрпаққа айтып кеткен.

     Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін , оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында түрлі әдеби шаралар, кітап көрмесі, әртүрлі тақырыпқа байланысты бұрыштар ұйымдастырылып, кішкентай оқырмандарымызбен байланыса отырып, оқушының мәдени-ағарту саласындағы әр ғасырда өмір сүрген ғалымдар еңбегімен танысуына ықпал етеміз.

Мектеп кітапханасы сапалы тәрбие беруде, тәрбиелік шараларды өткізуде мұғалімдер мен тәрбиешілердің бірден-бір сенімді серігі және ақпараттық таратушысы деп айтуға болады.

    Кітапхана өз жұмысын лицейдің оқу тәрбие жоспарының негізгі бағыттарын жүргізуге тырысты. Оқу жылының бас кезінде өз оқырмандарын жаңа оқу жылына тіркеу және оқушылар қатарынан өзіне оқырмандар тарту, мұнда оқушыларға сыныптарда кітапхана қорын насихаттау және олардың сабақтан тыс уақытында өздігінен ізденіп оқуына кітап қорын дұрыс пайдалануына жағдай жасады.

 

Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі – мектеп кітапханасы. Кітапхана мектебіміздің білімге ұмтылған жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. Бүгінгі ақпарат құралдары дамыған, жаңа технология заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек. Бүгінгі оқушы, ертеңгі ел маманының  еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсу жолында мектеп кітапханасы – халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттайды.        

            Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары болып табылған:

- мектеп кітапханасының жұмысын ұйымдастыру, оқу және тәрбие процесін кітапханалық, ақпараттық-библиографиялық қызметінің барлық әдістері мен түрлерімен қамту;

- кітапқа деген құштарлықты арттыру, оқу мәдениетін тәрбиелеу, басылымдарға ұқыпты қарап мектеп қорының сақтық тәртібін бақылау;

- оқушылармен жеке және көпшілік жұмыс түрлерін ұйымдастыру, кітапханалық-библиографиялық білімді насихаттау;

- оқушыларды көркем әдебиетті жүйелі оқуға тарту, оның мақсаты оқу пәндерін табысты оқу, ой мен сөз мәдениетін, рухани және әдептілікті, танымдық қызығушылығы мен қабілеттерін дамыту;

- кітапхана жұмысында жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануын жүзеге асыру.

Кітапхананың жылдық  жұмысын жоспарлауда елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауларына баса назар аударылып, «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» атты тақырыптық сөре,сонымен бірге «Жолдаудан-жолдауға» атты папка жинақталған.

 Кітапханада төмендегідей кітап көрмелері құрылған:

«Менің Отаным Қазақстан!»

«Кітап-ғасыр мұрасы»

«Ата салты асыл қазына»

«ҰБТ,ОЖСБ-ға дайындық»

«Айтулы даталы күндер»

«Тіл-ұлтымыздың жаны»

 Өлкетану бағытын насихаттауда кітапханада «Теміртау – металлургтер қаласы»атты тақырыптық сөре ұйымдастырылған. Бұнда қаламыздың тарихына байланысты  «Қарағанды.Қарағанды облысы», «Тұғыры биік Теміртау», «Теміртау қаласы мен магниткасының жылнамасы», «Қазыналы құтты өлке», «Караганда», «Қазақстанның өндірістік қалалары» атты кітаптар жинақталып қойылған.Бұл тақырыпта «Қазынылы құтты өлкем» атты тақырыппен кітапханалық сабақтар өткізіліп тұрады.

 Айтулы даталы күндер тізбесі бойынша кітапханада:

 2015 жыл «Қазақстан халқы  Ассамблеясы жылы» тақырыптық сөре,

 «ЭКСПО-2017»-ге байланысты материалдаржинақталған сөре,

С.Ерубаевтың  туғанына 100 жыл толуына орай «Аққан жұлдыздың жарығы» атты саяхат кеш  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Алданыш Ж.,Бекмұратова Г.

       


 

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Copyright MyCorp © 2024