ЖРВИ және Тұмау
Өзіңізді және отбасыңызды ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғауға болады
- ЖРВИ мен тұмау - бұл тыныс жолдарының, вирустар туындататын ең көп таралған аурулары.
Олар науқас адамнан ауа-тамшы жолымен жұқтырылады. Негізгі белгілері:
- мұрынның бітелуі;
- тамақтың жыбырлауы;
- дауыстың қырылдауы;
- жөтел, дене қызуының көтерілуі;
- әлсіздік, бұлшық еттердің ауырсынуы және т.б.
ЖРВИ мен тұмау балаларда құсумен, іш өтумен, тыныс алуының қиындауымен білінуі мүмкін.
ЖРВИ мен тұмаудан сақтану жолдары:
Отбасында, жұмыста ауру адам бар болған кезде міндетті түрде бетперде кию керек.
Мұрынның сілемейлі қабатын, әсіресе үйден шығар кезде оксолин майымен майлау керек.
Адамдар көп жиналатын орындарға бармау керек.
Қатты тоңбау, ауа райына байланысты киім кию керек.
Дер кезіңде дәрігердің кеңесімен тұмауға қарсы вакцина жасату керек.
Жеке тазалықты сақтау, қолды жиі жуу.
Ұдайы ылғалды тазалау шараларын жүргізіп,үй-жайды желдетіп отыру керек.
Тұмаудың алғашқы белгілері білінген кезде дереу дәрігер шақырту керек.
Тек дәрігер маманы ғана сізге жеке тексеру барысында ем тағайындай алады.
Өз бетіңізше емдеуден айналыспаңыз, ол сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті.
Өзіңіздің және отбасыңыздың денсаулығын сақтаңыз.