Пятница, 26.04.2024, 22:30
Приветствую Вас Гость | RSS

Теміртау қаласының №9 лицейі

Меню сайта
Категории раздела
Мектеп жаңалықтар [0]
аропанопноп
jkhjlkhlk [0]
xcfbvf
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Ата-аналарға кеңес

Құрметті ата-ана!

№9 мектеп-лицейіне қош келдіңіздер!

Егер:

  • егер баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды.
  • Балаға үнемі күлсе, ол бұйығы болып кетеді.
  • Баланы мақтап отырса, ол өз қадірі үшін оқиды
  • Баланы қолдап отырса, ол өз бағасы үшін оқиды.
  • Бала төзімділікте өссе, ол адал болып жетеді
  • Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды.
  • Бала кекшілдікте өссе, ол қатігез болып өседі.
  • Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.

Сіз мүмкін, тұңғышыңызды әкеліп отырған жас отбасы болуыңыз немесе өсіп өнген тәжірибелі ата-ана болуыңыз мүмкін. Дегенмен жоғарыдағы  ұсынылып отырған психолог кеңесінің артықшылығы болмайды деп білеміз.

Сөз соңында ұлы ұстаз Макаренконың   "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды" деген парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдік.

Психологиялық  тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңесті ескерсеңіз артық болмас:

  1. Таңертең не түсте бала сабаққа барада баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Яғни тамағын ішпей жатып, ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.
  2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда "болда болдың" астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
  3. Баланы сабаққа, әсіресе таңертең ашқұрсақ түрінде жібермеңіз.
  4. "Бұзық болма", "Қисалаңдамай тыныш жүр",  "Бүгін 2 алсаң, құртамын" деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз.
  5. Есіктен кірмей жатып, *Бүгін қандай баға алдың* деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.
  6. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, "сені тыңдауға уақытым жоқ" демей, арнайы көңіл бөліп,  мұқият тыңдаңыз.
  7. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады.
  8. Балаңыздың қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыздар.
  9. Үйге келген соң балаңыздың да пікірін тыңдап алып барып, қателіктерін жайлап  түсіндіріңіз.
  10. Мектепте келе сала баланы отырғызып қойып, сабаққа дайындалтпаңыз. Оларда 2-3 сағат ойнап, демалғаны жөн. Түсте ұйқтап тынықсын. Бесін мезгілі – сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
  11. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуді талап етпеңіз. Әр сабаққа үзіліс жасау арқылы әзірленген дұрыс.
  12.  Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
  13. "Егер сен осы сабақты орындамасаң" деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Оданда өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
  14. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз.
  15. Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, басы ауырса, бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
  16. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

      Халық даналығында:

"Балаңды 5-ке дейін патшадай тәрбиеле, 15-ке дейін еңбекке құлыңдай тәрбиеле, 15-тен кейін ақылшың ретінде ұста" деген керемет ұлағатты нақыл бар.  Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.

Оқушыларға ата-ананың көмегі

  • Жайлы жағдай тудыру қажет;
  • Баланың ыңғайлы отырғанын, бөлменің тыныштығы мен жарықтандырылуын, баланың назарын ештеңе аландатпайтынын қадағалауы қажет;
  • Баланың көңіл-күйінің оның әдеттегі нормасына сәйкестігіне (тамағы тоқ, ұйқысы қанған, мүмкіндігінше сабырлылығын және т.б) көз жеткізіңіз;
  • Тестіге дайындық барысында нейтралитетті жағдай сақталу қажет;
  • Балаға тікелей немесе жанама түрде көрсетіп жіберу немесе тапсырманы ол орындай салу тәрізді «арандатуға» жол берілмеуі қажет;
  • Баланы сәтті орындаған тапсырмалары үшін мадақтау, күмәнданған жағдайда демеу көрсетілу қажет;
  • Ата-ана баласына сену керек, үнемі көмектесу керек және мұғаліммен тығыз байланыста болу керек.

Оқушыларға мұғалімдердің көмегі

  • Пән мұғалімдерімен сынып оқушыларының арасында жағымды қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау;
  • Оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйде болуына ықпал ету;
  • Ата-аналарымен тығыз байланыста болу;
  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын қадағалау;
  • Таңдаған пәндерінің қаншалықты өзіне қажеттігін анықтау;
  • Оқушы қиналған немесе өзіне сенімсіздігі пайда болған жағдайда қол ұшын беру;
  • Мектеп психологымен тығыз байланыста болу.
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024