Четверг, 25.04.2024, 06:10
Приветствую Вас Гость | RSS

Теміртау қаласының №9 лицейі

Меню сайта
Категории раздела
Мектеп жаңалықтар [0]
аропанопноп
jkhjlkhlk [0]
xcfbvf
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Нормативтік құжаттар

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (каз, рус)
  2. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы (қаз , рус)
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (каз., рус)
  4. Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы (қаз , рус)
  5. Педагог мәртебесі туралы (толығырақ)
  6. Типтік ережелері (толығырақ)
  7. Неке және Отбасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы (каз., рус)
  8. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (каз., рус)
  9. «Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі  (каз.)
  10. Өрт қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Заңы (каз., рус)
  11. Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 3 Нормативтік қаулысы (2008.22.12. берілген өзгерістермен)  (каз., рус)
  12. Соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде неке және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 17 нормативтік қаулысы (2008.22.12. берілген  өзгерістер мен толықтыруларымен)  (каз., рус)
  13. Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде  заңды қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 4 нормативтік Қаулысы (2008.22.12. берілген өзгерістерімен ) (каз., рус)
  14. «Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп-ұстауға және оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (каз., рус)
  15. Лицей жарғысы  (қаз)
  16. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы,192 бұйрық  (толығырақ) 202 бұйрық (толығырақ)
  17. Мектептің ішкі тәртіп ережелері (толығырақ)
  18. Қаржы құжаттары  (толығырақ)
  19. Құрылымдық бөлімшелер туралы ереже (толығырақ)

Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 240-VІ ҚРЗ

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар):

182-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

"5-1) құқық қорғау органдарына денсаулық сақтау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға;".

2. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж

1) 1-баптың 1-тармағында:

30-1) тармақшамен толықтырылсын:

"30-1) өмірлік қиын жағдайда жүрген бала (балалар) – "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын бала (балалар);";

6) 123-бап мынадай редакцияда жазылсын:

1. Адамды бопсалау, оған мүлкiн жою, бүлдiру немесе алып қою қатерін төндіру арқылы не жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзгедей тәуелдiлiгiн пайдаланып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттердi жасауға мәжбүр ету –

бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет –

үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

541-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

"2. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп күдік келтірілген, айыпталған кәмелетке толмаған адамға қатысты бұлтартпау шарасының түрін таңдаған кезде осы Кодекстің 138-бабында көрсетілген мән-жайлардан бөлек кәмелетке толмаған адамның өмір сүру және тәрбиелену жағдайларын, оның жасы мен зияткерлік, ерiк-жiгерлік және психикалық даму дәрежесiн, мінезі мен темпераментінің ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен қызығушылығын, кәмелетке толмаған адамға ересек адамдар мен басқа кәмелетке толмағандардың ықпалын, кәмелетке толмаған адамда оның есі дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуының бар-жоғын және кәмелетке толмаған адамның жеке басын объективті түрде сипаттайтын басқа да мән-жайларды ескеру қажет.";

8) мынадай мазмұндағы 545-1-баппен толықтырылсын:

"545-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру түріндегі тәрбиелiк әсері бар мәжбүрлеу шарасынан мерзімінен бұрын босату

1. Кәмелетке толмаған адам ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру түріндегі тәрбиелiк әсері бар мәжбүрлеу шарасынан кәмелеттік жасқа толуына байланысты, сондай-ақ егер көрсетілген ұйымның қорытындысы негізінде сот кәмелетке толмаған адам өзінің түзелуі үшін осы шараның қолданылуын одан әрі қажет етпейді деген түйінге келсе, мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

2. Кәмелетке толмаған адам, оның заңды өкілі, қорғаушысы, егер олардың пікірі бойынша кәмелетке толмаған адам өзінің түзелуі үшін осы шараның қолданылуын одан әрі қажет етпейтін болса, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында болуды мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі мәселені қарау туралы өтінішхатты көрсетілген ұйымға мәлімдеуге құқылы.".

127-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

"127-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау";

мынадай мазмұндағы 127-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

"127-1-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау";

"3. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе білім беру, денсаулық сақтау ұйымының немесе өзге ұйымның өзіне көрсетілген міндеттер жүктелген басқа да қызметкерінің кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген орындамауы –

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.";

3) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Туғаннан үш жасқа дейiнгi жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейiнгi психикасының және дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына туғаннан үш (төрт) жасқа дейiнгi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Туғаннан үш жасқа дейiнгi жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейiнгi психикасының және дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында балаларды уақытша күтіп-бағу үшін арнаулы бөлімше ашылады.

Арнаулы бiлiм беру ұйымдарына он бiр жастан он сегiз жасқа дейiнгi девиантты мiнез-құлықты балалар орналастырылады.

Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі, тәрбиелеудің, оқытудың ерекше жағдайларын қажет ететін және арнаулы педагогикалық тәсілді талап ететін балалар орналастырылады.

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылын, жасөспірімдер үйін және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығын қоспағанда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына үш жастан он сегіз жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.

Жалпы үлгiдегi жалпы білiм беретiн мектеп-интернатқа жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ табысы аз және көп балалы отбасылардың алты жастан он сегiз жасқа дейiнгi, осы үлгiдегi ұйымдарда күтіп-бағуға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ балалар қабылданады.

5) 47-3-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "қылмыс" деген сөз "қылмыстық құқық бұзушылықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;

8. "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):

3) 9-баптың 4 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия төраға, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелерi және хатшы құрамында құрылады. Тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктің әкімі басқаратын кенттік, ауылдық комиссияны және ауылдық округ комиссиясын қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнің орынбасары комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы тиісті мемлекеттiк органның аппаратында штаттық лауазымды атқарады.";

"6. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар өз құзыретi шегiнде:

1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

1) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Адам (отбасы) мынадай негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайда жүр деп танылуы мүмкін:

1) жетімдік;

2) ата-ана қамқорлығының болмауы;

3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;

4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;

6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

8) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;

10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;

12) пробация қызметінің есебінде болу.";

2) 10-баптың 2) тармақшасы "білім беру" деген сөздерден кейін "және балалардың құқықтарын қорғау" деген сөздермен толықтырылсын;

  1. 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан қ.: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы        толығырақ
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру деңгейінің стандарты, 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы                                                                       толығырақ
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілген                   толығырақ
  4. «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы  толығырақ

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қантардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 202 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 мамырда № 20636 болып тіркелді  толығырақ 

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024