Пятница, 26.04.2024, 13:08
Приветствую Вас Гость | RSS

Теміртау қаласының №9 лицейі

Меню сайта
Категории раздела
Мектеп жаңалықтар [0]
аропанопноп
jkhjlkhlk [0]
xcfbvf
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Әлеуметтік қызмет негізі

«Теміртау қаласы №9 мектеп-лицейі» КММ

2018-2019 оқу жылындағы өткізілген «Мектепке жол» акциясына қатысатын әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларға көмек көрсетілгендігі туралы мәлімет

 

«Мектепке жол» қайырымдылықтан басталады. Мектеп-лицейімізде жеті жылдан бері үзілмей келе жатқан қайырымдылық шарасы аясында тұрмыс жағдайы төмен отбасылар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Биылғы акция 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтті. Екі ай бойы жүргізілетін ауқымды шараның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қараусыз қалған балаларды мектепке дайындап, қажетті құрал-жабдықтарын алып беру.

  • Республикасы Білім және ғылым министрлігінен келген хаттың негізінде жоспар құрылды.

Акцияның өткізілу барысында қадағалаусыз қалған және панасыз қалған балаларды анықтау мақсатында дүкендерді, кафелерді, орталық базарды, жер төлелерді, вокзалдарды, бос жатқан үйлерді, копмьютерлік салондарда ДҚТЖО, әлеуметтік педагог және мектеп инспекторымен бірлескен рейд жүргізілді. Рейд барысында біздің мектеп-лицейіміздің оқушылары анықталған жоқ.

Мектеп-лицеймізде былтырғы оқу жылынан бастап «Қамқоршылық кеңесі» жұмыс істейді. Қомқоршылық кеңесінің көмегімен және мектеп-лицеіміздің ұстазар қауымының көмегімен мектеп-лицейіміздегі аз қамтылған, көп балалы және ата-анасының айрылған отбасыларға 80 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

 

«Теміртау қаласы №9 мектеп – лицейі» КММ

 

2018-2019 оқу жылына арналған тегін ыстық тамақпен қамту бойынша жылдық жоспар құрылды. Тегін тамақпен қамтылып отырған оқушылар саны 74. Тегін тамақпен ұйымдастыру бойынша балалардың тізімі әкімшілік отырыста қаралып, мектебіміздің аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасының балалары және т.б әлеуметтік статусына байланысты іріктеліп, қажетті құжаттарды рәсімдеу арқылы жасалды. Осы 74 тегін ыстық тамақпен қамтылып отырған оқушылардың 44-і бастауыш сыныптан, 30-жоғары сынып оқушылары.

        Солардың ішінде көп балалы отбасынан-24, аз қамтылған отбасы-25, толық емес отбасы-18, қамқорлыққа алынған -7. Және де оқушыларға арнап тамақтану кестесі               құрылды 1 ауысым                мектепалды даярлық сыныбы 9:30-да, 1 сыныптар 10:50 де, 2 сыныптар 10:10 да, 5,8,9 сыныптар 11:05те, 10,11 сыныптар 12:45те 2 ауысым                 14:05 мектепалды даярлық сыныбы, 3және                6   сынып оқушылары 14:25 те, 4 және 7 сыныптар 15:20 да тамақтануға барады. Бастауыш сынып оқушылары және        5 сынып оқушылары сынып жетекшілерінің қадағалауымен       тамақпен    қамтамасыз етіледі.Тегін тамақпен қамтылған оқушылардың уақытында дұрыс                      тамақтануын күн сайын қадағалап отырылады.

          Тегін ыстық тамақ бойынша мектебімізде бракераждық комиссиясы құрылған. Мақсаты: Асхананың санитарлы- гигиеналық талаптарын, азық-түліктердің        сақталуы     және        жарамдылығын   тексеру. Бракераждық комиссия мүшелері:

        1.Мамай Р. - директордың Оқу ісі-жөніндегі орынбасары

       2. Досмуратова Г, -әлеуметтік педагог

       3. Қошанова А.С-медбике

       4.Мырзахметов А.Қ.-директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары.

        Сонымен қатар төмендегі критерийлер бойынша тексерілді.

  • Азық –түлікті мектепке көлікпен жеткізу және түсіру барысында санитарлық-гигиеналық норманың сақталуы тексеріледі.
  • Тамақтың сапалы жасалуы бақыланады.
  • Оқушыларға берілетін тағамдардың мөлшерінің сақталуы қадағаланды.

          Балалар мен жасөспірімдерді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру        қабілетін арттырады.

Орындаған:Досмуратова Гаухар Алматовна

         

        

«Жылы жүрек - жомарт қол» қайырымдылық акциясы

Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанына 30 жыл мен ратификацияланғанына 25 жылдығына орай Теміртау қаласы №9 мектеп –лицейінің әкімшілігінің ұйымдастыруымен 25.10.2019 – 25.11.2019 аралықта «Мейірімді алақан» және «Жылы жүрек» атты айлық акциясы жүргізіліп, мектепішілік жоспар бекітілді. Жоспар бойынша 1-11 сыныптар арасында төрт бағыт бойынша іс – шаралар ұйымдастырылды. 1-4 сыныптар арасында «Балалар үшін бергеміз» , 9-11 сыныптар арасында «Қатыгездік және зорлық – зомбылық балалық шақ», 5-8 сыныптар «Бала құқығы – адам құқығы» онкүндік, 2019 жылдың 13- қараша күні дүниежүзілік сабақ «Әр бала үшін қорғалған балалық шақ» өткізілді.

«Мейірімді алақан», «Жылы жүрек» акциясының мақсаты: балаларға арнап түрлі ойыншықтар, кітаптар, киім- кешектер жинақтап, мұқтаж балаларға ұсыну. Осы акция негізінде 3в сынып ата –аналары белсене қатысып, «Жаңа күн» мүгедек балалардың ата – аналарының қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баймурзина Алия Жексенбаевнамен директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары кездесіп, 3в сынып ата –аналары атынан Джалмаханов Ғабит пен Манатқызы Миренаның ата –аналары осы балаларымызға қорапқа салынған тәттілерді сыйлыққа ұсынды.

Алия Жексенбаевна «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынған № 9 мектеп – лицейінің әкімшілігі мен 3 в сынып ата – аналарына, сынып жетекшісіне үлкен ризашылығын білдірді.

Қорытындылай келе, қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.

Директордың құқықтық тәрбие жөніндегі

орынбасары Асадова М.Т

     

      

 

 

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024