Пятница, 19.04.2024, 05:09
Приветствую Вас Гость | RSS

Теміртау қаласының №9 лицейі

Меню сайта
Категории раздела
Мектеп жаңалықтар [0]
аропанопноп
jkhjlkhlk [0]
xcfbvf
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Тамақтану

«Теміртау қаласы № 9 мектеп - лицейі» КММ –інде оқушыларды ыстық тамақпен ұйымдастыру.

 

Тамақтануды дұрыс ұйымдастыру дегеніміз – адам ағзасының барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқару үшін дұрыс ұйымдастырылған тамақтану тәртібі. Тамақтану тәртібі дегеніміз-ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай-ақ тамақтану кезіде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.

Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін, негізгі тағамдық сұраныс- тары  мен энергиясын, күн тәртібін, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың тамақтануын дұрыс ұйымдастыру дені сау баланың дамуын анықтайды.

Мектептегі тегін тамақтандыру аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қарастырылған, және басқа балаларға мектептін шешімімен.

Тегін тамақтандыруды алу үшін келесі құжаттарды өткізу керек:

  • белгіленген формадағы өтінім
  • ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
  • Бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
  • 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
  • мәртебесін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі:
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
  • жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейі 32668 теңгеден төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
  • отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - қамқоршылықты (қорғаншылықты) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі, жетім баланың (балалардың) немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) патронаттық тәрбиеге, қабылдаушы отбасына берілгені туралы шарт;
  •  төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін - төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемнің қажеттілігін дәлелдейтін құжат;

  2019-2020 оқу жылына арналған тегін ыстық тамақпен қамту бойынша  жылдық жоспар құрылды. Жыл басында  тегін тамақпен қамтылған оқушылар саны 166.  Тегін ыстық тамақпен қамтылып отырған оқушылардың 91-і бастауыш сыныптан, 75 -жоғары сынып оқушылары. Солардың ішінде көп балалы отбасынан-37, аз қамтылған отбасы-99, толық емес отбасы-22, қамқорлыққа алынған -8. 

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу  жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялар) мониторингті жүзеге асыруы бойынша  ұсынымдар

 

1. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның міндеттері:

- ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуын;

- тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттарын;

- өнімдерді өткізу мерзімдерін;

- тамақ дайындау сапасын;

- тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігін;

- ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылау болып табылады.

2. Комиссия адалдық, құзыреттілік, парасаттылық, ашықтық қағидаттарына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған функцияларды орындайды.

  1. Комиссия төрағасы білім беру ұйымының басшысы болып табылады.

Бракераждық комиссияның құрамы медицина қызметкерін, әкімшілік мүшелерін, өндіріс меңгерушісін, ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесінің өкілдерін міндетті түрде қоса отырып, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Бракераждық комиссия мүшелерінің саны кемінде 7 адамды, оның ішінде осы мектептің ата-аналар қауымдастығының ішінен кемінде 3 адамды құрауы тиіс. Комиссияның жекелеген мүшелерінің болмауы оның қызметіне кедергі болмайды.

Комиссия құрамын жыл сайын жаңарту ұсынылады.

  1. Комиссия қызметінің циклограммасы:

Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты тұлға:

         - тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді.

  •  пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасына бақылауды жүзеге асырады (тамақ өнімдерінің сапасын растайтын құжаттардың көшірмелері жеке папкада сақталады);
  • мәзірдің дұрыс жасалуын бақылауды жүзеге асырады;
  •  тамақтану сапасының мониторингі актісін ресімдей отырып, ас блогының қызметкерлеріне және (немесе) қызметті жеткізушіге алдын ала ескертусіз тамақтану сапасын тексеруді жүзеге асырады.

         Тоқсан сайын комиссия жұмысының қорытындысы кейіннен олар білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қаралады

 және орта білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырыла отырып, ақпарат түрінде ресімделеді.

         Әр жылдың мамыр, қаңтар айларында комиссия қызметінің қорытындысы жалпы ата-аналар жиналысында қаралады.

         Бракераждық комиссия:

  • тамақ өнімдерінің сапасын, олардың сапасын куәландыратын құжаттардың болуын бақылауды жүзеге асыруы (осы құжаттардың ксерокөшірмелері бракераждық комиссияның төрағасында сақталады);
  • тамақтардың шығуын, дайындалған тамақтану көлемінің бір реттік порция көлеміне және балалар санына сәйкестігін тексеруі;
  • дайын тамақты органолептикалық бағалауды (оның түсін, иісін, дәмін, консистенциясын, қаттылығын, шырынын және т. б. анықтау) «Дайын өнімнің бракераж журналына» органолептикалық бағалау нәтижелерін енгізе отырып жүргізу әдістемесіне сәйкес жүргізуі, бағалауды комиссия мүшелерінің жеке қолдарымен растауы;
  • бракераж жүргізу кезінде «Технологиялық карталарға» сәйкес тағамдар мен аспаздық өнімдерді дайындау технологиясы мен сапасына қойылатын талаптарды басшылыққа алуы;
  • өз функцияларын арнайы берілетін таза киімде (халатта, комбинезонда, бас киімде, аяқ киімде және т. б.) жүзеге асыруы қажет.
  1. Бракераждық комиссия қызметінің нәтижесі:
  1. көрсетілетін қызметті, тауарларды жеткізушілердің кінәсінен балалар, ересектер уланған жағдайда, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілген тексерулердің нәтижелері расталған кезде өнім берушімен Шартты дереу бұзу және өнім берушіні жосықсыз деп тану үшін сотқа талап-арыз жіберу;

2) бұзушылықтар анықталған кезде бракераждық комиссия:

- анықталған бұзушылықтар туралы қызметтерді, тауарларды жеткізушіні және білім беру ұйымының басшысын хабардар етеді;

- 1 (бір) жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жоспардан тыс тексеруге бастамашылық жасау мақсатында тексеру актісімен қоса анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, өтініш жолдайды;

- бұзушылықтарды жоюға 5 (бес) жұмыс күнін ұсынады.

3) бұзушылықтар қайта анықталған кезде бракераждық комиссия:

- қызметтерді, тауарларды жеткізушіні және білім беру ұйымының басшысын анықталған бұзушылықтар туралы хабардар етеді;

- 1 (бір) жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып және жоспардан тыс тексеруге бастамашылық жасау мақсатында тексеру актісін қоса бере отырып, өтініш жібереді;

- «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 463 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 285 бірлескен бұйрығына сәйкес өрескел бұзушылықтар анықталған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы аумақтық органдардың жоспардан тыс қайта тексеру нәтижелерін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде шартты бұзу және жеткізушіні жосықсыз деп тану үшін сотқа талап арыз береді.

- сот шешіміне дейін тамақтану сапасын күнделікті бақылауды ұйымдастырады.

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың қызметін талдауды және оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті орган және Тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық топ жүзеге асырады.

«Теміртау қаласы № 9 мектеп - лицейі»КММ

 Тамақтану сапасына  мониторинг жургізу жөніндегі комиссияларға арналған  жаднама

 

1. Ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиенасына қойылатын талаптар

Қол жуу үшін оларға ыстық және суық су келтірілген раковиналар, қол жууға және кептіруге арналған құралдарының болуы

2. Асхана ыдысына қойылатын талаптар

Жарықтары, сынығы бар, шеттері сынған, деформацияланған, эмалі зақымдалған ыдыстардын болмауын

3. Тамақ өнімдерін қабылдауға қойылатын талаптар

Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болған кезде жүзеге асырылуын

4. Тамақ өнімдерін сақтауға қойылатын талаптар

Тамақ өнімдерін сақтауға арналған қойма үй-жайларында: температуралық-ылғалдық, жарық режимі, азық-түлік өнімдерінің әрбір түріне қойылатын қоймалау нормаларына сәйкес тауар көршілестігі сақталуын қадағалау

5.Мәзірге қойылатын талаптар

Күн сайын тамақтану залында мектеп басшысы бекіткен ас мәзірі ілінуін, онда тағамның атауы, әрбір дайын тағамның шығуы көрсетіледі. Ас мәзірінде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында және технологиялық карталарда көрсетілген атауларға сәйкес болуын бақылау.

6. Мәзірге қойылатын талаптар

 Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөніс және қант кіреді. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті күнтізбелік екі – жеті күнтізбелік күн ішінде бір рет қосылады.

7. Тыйым салынған өнімдер

 құрамында жасанды бояғыштар, консерванттар, хош иістендіргіштер, дәм күшейткіштер және тәттілендіргіштер бар шұжық өнімдері, сосискалар және басқа да өнімдер. Пастерленбеген сүт, термиялық өңдеусіз сүзбе және қаймақ, сондай-ақ суда жүзетін құстардың жұмыртқалары мен етін тамақтануда қолдану, ауыл шаруашылығы жануарларының аурушаңдығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардан алынған сүт және сүт өнімдері.

Тіл, жүрек, бауырдан басқа, өнімді жануарлар мен құстың қосымша өнімдері; құс етінен жасалған коллагенді шикізат; қайта мұздатуға ұшыраған өнімді жануарлар мен құстың сойылған өнімдері; генетикалық түрлендірілген шикізат және құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шикізат.

Йодталмаған тұз, фортификацияланбаған ұн, деформацияланған немесе герметикалық емес банкалардағы консервілер, тамақ, саңырауқұлақтар, үйде дайындалған тамақ, ащы дәмдеуіштер, сірке суы және кофе.

Асхана простоквашасын, сүзбе, айран, фаршталған құймақ, флотша макарон, зельц, форшмактар, сілікпе, паштет, кремі бар кондитерлік өнімдер, морстар, квастар, фритюрде қуырылған өнімдер, шала пісірілген жұмыртқа, глазунь жұмыртқасы, күрделі (төрт компоненттен астам) салаттар мен қаймақ пен майонез құйылған салаттарды дайындауға және сатуға тыйым салынады.

Окрошка, тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі тағамдар, фастфуд, жасанды бояғыштары, консерванттары, хош иістендіргіштері, дәм күшейткіштері және тәттілегіштері бар тамақ өнімдері.

Тәуліктік сынамаларға қойылатын талаптар

Күн сайын дайын өнімнің тәуліктік сынамалары нақты мәзірге сәйкес қалдырылады, сынамалар тоңазытқышта қақпағы бар шыны ыдыста, келесі күні дайындалған тағаммен немесе демалыс күнінен кейін (демалыс күндерінің санына қарамастан) - таңғы аспен, түскі аспен, бесін немесе кешкі аспен тиісінше ауыстырылғанға дейін кемінде 24 сағат сақталатын қадағалау

8. Арнайы киімге қойылатын талаптар

Ас блогының қызметкерлері арнайы киіммен (халат немесе шалбары бар күрте, бас киім, аяқ киім) қамтамасыз етілуін бақылайды.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.06.08 № 235 бұйрығына сәйкес сатып алуды ұйымдастыру.толығырақ 

 2020-2021 оқу жылында  тамақтандыруды ұйымдастыру жұмыс жоспары      толығырақ

Апталық меню 1-2 сыныптар     толығырақ   

Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасы балалары үшін     толығырақ

Бракераждық комиссия  тексерістің қорытындысы       толығырақ

Бракераждық комиссия акт (толығырақ)

            Тегін  тамақпен тамақтанатын оқушылардың ата-аналары  тапсыратын  құжаттары (толығырақ)

 

Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттар (толығырақ)

 

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024