Среда, 24.04.2024, 04:07
Приветствую Вас Гость | RSS

Теміртау қаласының №9 лицейі

Меню сайта
Категории раздела
Мектеп жаңалықтар [0]
аропанопноп
jkhjlkhlk [0]
xcfbvf
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Өткізілген іс-шаралар

                          

                                                                                                                                                                                                                                                                                                              Бекітемін:

                                                                                                                                                                                    «Теміртау қаласының  №9 мектеп-лицейі»

                                                                           коммуналдық мемлекттік мекемесінің
                                                        директоры Қ.А.Нұрғалиева

                                                      «     »                     2015/16ж

«Теміртау   қаласының  №9 мектеп-лицей» КММ  оқушыларға  кәсіби  бағдар беру  бойынша 2015-2016 оқу жылына  арналған
 кітапханашылар жұмысының жылдық жұмыс жоспар.

Іс-шаралар

    Мерзімі 

Жауаптылар

       Есеп  түрі

                                          Педагог     мұғалімдермен      жұмыс

Мектепте кәсіби бағдар беру бойынша сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыру

Тоқсанына 1 рет

Усманова Ж.А.

Байбатшаева Н.Н.

Сын.жет

әзірлемесі

Кәсіби ақпараттық көрнекіліктер жасау

Жыл бойы

Усманова Ж.А.

Байбатшаева Н.Н

анықтама

Кәсіби бағдар беру кеңесінің отырысына қатысу

Тоқсанына 1 рет

Усманова Ж.А.

Байбатшаева Н.Н.

хаттама

Білім беру мекелерінде мұғалімдерді кәсіби бағдар беру бойынша әдістемелік-ғылыми әдебиеттермен қамту

Жыл бойы

Усманова Ж.А.

Байбатшаева Н.Н

әдебиеттер

Оқушылармен жұмыс

Оқушылардың кәсіби таңдадауы мен мотивациясын арттыруға байланысты сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыру: «Мың  түрлі  мамандық» - пікір  талас . 9-11 сыныптар

Қазан

Сынып  жетекшілер     Кітапханашы

 

 

Анықтама

 

«Мамандықтың  бәрі  жақсы».  4-5 сыныптар

Қараша

Сынып  жетек.    Кітапханашылар.

буклет

«Мамандығым  мақтанышым» сыныптан тыс  шара  6-7 сыныптар

Ақпан

Кітапханашылар

хаттама

«Сенде  бір  керпіш  дүниеге, кетігін  тап та, бар қалан». 5-8 сыныптар  дөңгелек  стол

наурыз

Сынып жетекшілер,

Кітапханашылар

Хаттама

«Мамандықты дұрыс таңдай біл» 9-11 сыныптар 

Жыл бойына

Сынып жет.

Кітапханашылар

Хаттама

«Жоғарғы оқу орнына түсу шарттары» 9-11 сынып

Жыл бойына

кітапханашылар

оқулықтар, тест кітапшаларын ұсыну

 

Толеранттылық кітапхана тәжірибесінде

         Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі кездегі қоғамныңбасты мақсаттарының бірі-жас ұрпаққа сапалы білім берумен бірге заман талабына сай патриоттық тәрбие беру.Патриоттық білім,ол қоғамда білімінің тез және шапшаң қарқынмен дамуына байланысты туындайды. Өйткені, оқушылардың мектепте ғана алған білімдерімен шектеліп қалуына болмайды.
         Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет, қазақ халқының өзіндік тарихы,мәдениеті,рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіру, патриоттық білімділігін арттыру үшін патриоттық білім, патриоттық сана, патриоттық іс-әрекет қажет. Әр оқушы өздігінен ізденіп, ғылыми және техникалық ақпараттарының ағымына бағдар ұстау дағдысын қалыптастыруы қажет.

          Патриоттық білім-оқушылардың іс-әрекет тәсілдерді меңгеруі мен білім алуы, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.

          Патриоттық сана-сабақта және сабақтан тыс ісшараларда Отанды сүю, елін қорғауға байланысты басты ұғымдарды ашып көрсету арқылы қалыптасады.

        Елімізде  болып жатқан шын мәніндегі тарихи өзгерістері, ұлттық сана сезімнің өсуі, ұлт арқылы қатынастар үдерісі Отанымыздың ортақ тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін патриоттар тәрбиелеуді ерекше талап етеді. Жас ұрпақтын патриотттық санасын қалыптастыру үдеріндегі іс-әрекетіне қажетті, адамгершілік ұстанымдар мен тұжырымдардың мәндерін тереңірек анықтау қажет.

            Казіргі  қоғамдағы патриоттық сана екі топтан тұратын біртұтас жүйе ретінде беріледі:

       1.Оқушылардың сана-сезімін өз ұлтының мәдениеті мен ана тілін меңгеру негізінде дамыту

      2. Әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамдық қасиеттер жүйесін меңгеру негізінде дамыту, яғни оқушылардың өз халқының тарихы мен мәдени дәстүрлерін үйрену, зияткерлікпен эмоционалды дамуы, сондай-ақ әлем халықтары мәдениетінің дамуындағы бір-біріне ықпалы туралы түсінігін қалыптастыру.

Кітапхана жас ұрпақтың оқу орны ретінде заманауи орталық болғандыңтан, жас жеткіншектерді ұлтымыздың патриотизмге бай тарихын, жауынгерлер мен батырлардың ерліктерін, ата-бабаларымыздың өнегелі өмірін жас ұрпаққа  жеткізу патриотизмге баулудың бірден бір көзі.

 Жоғарыда айтып өткеніміздей, ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу, қай халықтың  болмысын  батыры Бауыржан Момышұлы:"Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, елдік деген ұрпақтан-ұрпаққа дәс түр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы тұл, келешегі тұрлаусыз." деген Б. Момышұлының өзі де ұлтжанды азамат екенін артында қанатты сөздерінен көрініс табады.

Жас ұрпақтың бойында ұлттық патроттық сезімін қалыптастыру үшін біздің мектептің кітапханасында оқырмандарды қызықтыру үшін сынып жетекшілермен, пән мұғалімдерімен көптеген іс-шаралар өткізіліп,көрмелер ұйымдастырылып тұрады.Мектеп кітапханасы арнайы дәстүрлі көрмелермен жабдықталған.Жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған елге, туған елге, туған өлке туралы патриоттық сезімін ояту мақсатында"Қасиетті байтақ елім-Қазақстан","Ана тілің арың бұл","Туған өлке-байлығым","Абайдың сөзі-қазақтың  бойтұмары"т,б. атты тақырыптық көрме жасақталып,ондағы мақсат ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, Отанға,туған елге, туган жерге,туган тілге, дінге деген сүйіспеншілік сияқта асыл қасиетті сіңіру, қадірлей, қорғау, қастерлеуді түсіндіру. Соны мен қатар, кітапханада Ел басының жолдауына байланысты "жолдаудың жарқын жолдары" атты кең көлемде кіап көрмесі жасалып, Н. Ә. Назарбаевтың кітаптары, барлық жылдардағы Жолдаудар қойылған. 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауына байланысты биылғы Жолдауының ерекшелігі жөнінде оқушылар арсында баяндамалар оқып, талқыланды. Оқушыларға қазақ халқының ұлтжанды ақындардың шығармашылықтарын насихаттау, асыл әдеби мұралары арқылы жас ұрпақ бойына ұлт жандылық, адамгершілік, ізгілік қасиеттердің халықтастыру мақсаты мен әдеби танымалдық кеште кітап көрмесі, слайттар пайдаланамыз. Заманауи жастар көпшілік шаралардың жаңа түрлерін ғана емес,  жаңа мазмұн да талап етеді.  Жылма-жыл кітапхан 7,9 мамыр күндері мерекелі мүшайырлар өткізуші еді. Бірақ ендігі жерде оны жаңа мазмұнмен өткізу талабы алға шықты. Сол себепті "жеңіс жадында жаңғырады..." атты әдеби бәйге ұйымдастыруды мақсат етемін. Бәйге талабы жастар еңбектерін Ұлы Отан соғысына қатысқан өз аталары немесе тылда ерен еңбек етіп, жарын соқыстан сағына күткен асыл әжелері туралы жазу болмақ. Осы еңбектерін жазу барысында әрбір жас өспірім аталары , әжелерәі туралы іздестіреді, сұрастырады, көнерген альбомдар ашады, естеліктер атқарылады. Ол жерде кітапхана отбасылық  ұрпақтар сабақтастығына дәнекер болады, аталар ерлігін білуге жастардың құлшынысын ойатады деп үміттенемін.

Балалардың жаңашылдыққа жетелей отыра, өткенімізді білетін, бүгінгімізді түсінетін, болашаққа сеніммен қарайтын азаматтарды тәрбиелеу. Сондықтан, оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді.Қорыта айтқанда, мектеп кітапханасы рөлі жылдан-жылға артып келеді. Олай болса, жақсы кітаптың бар қазынасы оқырман жүрегіне жеткізіп,рухани керегімізе айналдыра білейік.

Мамандық таңдау маңызды іс.

         Мақсаты: ”Мамандық “ құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.
         Міндеттері: Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту.
- Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу.
- Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.

         Көрнекілігі: түрлі - түсті қағаз, үнтаспа, А4 қағаз, слайд, қанатты сөздер.интербелсенді тақта, плакаттар, үлестірмелі қағаздар

        Әдісі: әңгімелеу, пікірталас, ойын - жаттығу.

        Барысы: «Өскенде кім болғың келеді?», – бұл сұрақ үлкендердің кішкентай балаларға қойғанды жақсы көретін ең кең таралған сұрақтардың бестігіне кіреді екен. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз да  осы сұрақ төңірегінде болмақ.  Жалпы ес білгелі кез келген адам өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деп ойлануы керек.

Профессия – латын сөзінен шыққан, “professio”, - анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

I бөлім. «Ой қозғау»

Оқушылар сіздерге сұрақ қояйын.

 Қандай мамандық иелерін білесіздер?

«Кім тапқыр?» ойыны: Оқушылар мамандықтарды (үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) атап, қысқаша мағлұмат береді.
          (Мұғалім, дәрігер, суретші, әнші, биші, кәсіпкер)

«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр - сырын айту керек.

І - топ: «А» (археолог,актер, )

 ІІ - топ: «К» (кинорежиссер)

ІІІ - топ: «Ж» (жазушы)

М, мұғалім

С, санитар

Т  тігінші, трактарист

әріптері беріледі.

         Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін - өзі тану:
         Оқушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат.
Зигзаг.
Шеңбер.

Үшбұрыш.

          Егер мамандық иесі болсаң не істер едің: (ситуациялық шешу)
Дәрігер.
Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз?
Мұғалім жайлы әңгіме «Жүрексіз нені түсінеміз?» сабаққа ата - ана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз?
Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады. Сіз не істейсіз?
Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты. Не істер едіңіз?
Тігінші. Сізге бір кенет жақсы матадан көйлек тіктіруге тапсырыс береді. Ол матаны тігу барысында дұрыс болмай қалды. Тапсырыс беруші сізге ренішпен ұрысып, матаны тауып беруіңізді талап етті. Сіз қалай жауап берер едіңіз?
Аспазшы. Асханаға келген кенет жасалған тағамға көңілі толмай қайтарып әкелді, ақысын сұрады. Сіздің жауабыңыз?
машина жүргізуші. Сіз алыс жолдан шаршап келіп дем алып жатырсыз, досыңыз келіп, сізге бір жерге алып баруыңызды өтінді. Не деп жауап берер едіңіз?
«Өмірмен байланыс» бөлімі.
Өздерің өмір сүретін Қосжар ауылына қандай мамандар қажет деп ойлайсыңдар? Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?

6 ."Бұл кім?" кәсіби бағдар ойыны.
Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандары мамандықты табу керек.
Хирург
Фабрика басшысы
Хатшы
Кітапханашы
Банк қызметкері
Сатушы
Мұғалім
Бухгалтер
Слесарь
Мен қазір...

Қай пәнді сүйіп оқисың?

Қандай маман иесі болғың келеді?

Мен 5-жылдан кейін...

Қандай оқу орнын таңдайсыз?

Қандай мамандықты?

(Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?)

Таңдау себебің?

Таңдаудағы мақсатың?

Сіз таңдаған саладағы ұлы адамдар кімдер?

Мен 10-жылдан кейін...

Сіздің мамандық таңдағаннан кейінгі жеткен жетістігіңіз қандай?

«Ең,ең..» Тестік тапсырмалар:

  Ең ақшасы көп мамандық қандай?
• а/еден жуушы; ә/мал дәрігері, орманшы; б/ бухгалтер, экономист
• Ең “жасыл” мамандық қандай?
• а/ мұғалім, дәрігер; ә/ эколог, бағбан; б/ мұнайшы, ұшқыш
• Ең “тәтті” мамандық қандай?
• а/ аспаз, кондитер; ә/ сот, заңгер; б/ шахтер, ғарышкер
• Ең “күлкілі” мамандық қандай?
• а/ журналист, зергер; ә/ клоун, крикатурашы; б/ ғарышкер, ұшқыш
• Ең жауапты мамандық қандай?
• а/ сот, бухгалтер; ә/ әнші, биші; б/ ұста, шебер
• Ең салмақты мамандық қандай?
• Клоун, әзілкеш; ә/мұғалім, заңгер; б/ аспаз, кондитер
• Ең қарым - қатынасы күшті мамандық қандай?
• а/ мұнайшы, орманшы; ә/ бағбан, дихан; б/ бизнесмен, кәсіпкер

       «Ойыңды дәлелде» пікірлесу

Тапсырма бойынша қатысушы өзі келіспейтін тұжырымды берілген тұжырымдардан бөліп алып, ойын анық, ашық түрде жариялайды.
Мысалы: Мамандық бір - ақ рет біржола таңдалады - келісуге болмайды. Жағдайға байланысты жаңа мамандық игеруге құқығы бар, сәйкес мамандықты атқаруға болады.
• Мамандық бір - ақ рет біржола таңдалады.
• Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.
• Мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты.
• Отбасы мен достарының ақылына сүйеніп, мамандық таңдауға болады.
• Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
• Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
• Ақша болса, мамандық қажет емес.
• Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.
• Мамандық таңдаудағы басты өлшем - қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі
• Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды.
• Мамандық таңдау - күн көріс қамы.

«Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым?» жаттығу

Өз ойыңыздағы бақыт құсының суретін салып, қанатына тілек жазып, парталасыңа сыйлау.  

Пікірлесу, талдау: Осы күннен не алдыңыз?
Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?       

Қорытынды: Адам, өмірінде екі - ақ нәрсесі дұрыс болса болғаны өзін бақыттымын деп санайды екен. Біріншісі - мамандық, екіншісі - адал жар.
Қарап отырсақ, жұмыс пен оның аясында отбасында тіршілік ету адам ғұмырының тең жартысын алады екен. Өзіңді мамандықтар әлемінде табу - өзіңнің қоғамға қажетті адам екеніңді сезіну, лайықты қаржы табу, өз қабілеттеріңді барынша көрсету мен сый - құрметке бөлену бұл нағыз бақыт болып табылады. Ж. Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!


 

 

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024