Суббота, 27.04.2024, 01:54
Приветствую Вас Гость | RSS

Теміртау қаласының №9 лицейі

Меню сайта
Категории раздела
Мектеп жаңалықтар [0]
аропанопноп
jkhjlkhlk [0]
xcfbvf
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

ҰБТ

«Теміртау қаласы № 9 мектеп – лицейі»КММ

ҰБТ-ге дайындық барысындағы тестпен жұмыс кезіндегі оқушылардың қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру бойынша мұғалімдердің жұмысы және нәтижесі.

 

Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында 2004 жылдан бастап республикамызда Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі енгізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі.

Мектебімізде 11-класс оқушыларын ҰБТ-ға дайындау үшін оқу жылының басынан бастап әр пәнге қосымша сабақ кестесі бекітілген. «Алтын белгі»үміткерлеріне жекелеме сабақ кестесі бар.

Жалпы 22 оқушы.Тестке дайындық барысында оқушыларға дәптер арналған. Қатемен жұмыс жүргізу оқушыға жіберген қатесін нақтылап, есте сақтауына көмектеседі. 6-11-сыныптардың оқулықтары бойынша сұрақтармен дайындалады. Оқушыларды тестке дайындау барысында тапсырмаларды оқушының қиналмай жаттап, ұмытпаулары үшін тест тапсырмаларын мағынасына қарай іріктеп, жаттатуға бағытталған.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушыларды физика пәнінен Хавий Қарашаш, химия пәнінен Г.Тилумбетова, биология пәнінен П.А. Болбаева ,оқу сауаттылығы мен қазақ тілі мен әдебиетінен Г.Жубанаева, дүние жүзі,Қазақстан тарихынан Сейітбекова Г.география пәнінен Жуламанова , Азимкулова З.У. математикалық сауаттылық ,математика пәнінен Нурымов М.А., ағылшын тілінен Хамза Б. дайындап келеді. Мектебімізде 11-класс оқушыларын ҰБТ-ға дайындау үшін оқу жылының басынан бастап әр пәнге қосымша сабақ кестесі бекітілген. Әр мұғалімнің оқушыны дайындауда өзіндік әдіс-тәсілдері болады.Мұғалімдер оқушыларға мына жағдайларды қатаң есте сақтауларын талап етеді.

1. Тақырыпты алдымен оқулықтан қарап шық.

2. Сабақты зейін қойып оқып, керекті жерлерін дәптерге түсір.

3. Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беруге тырыс.

4. Дайындық барысында мектепте не болмаса үйде сұрақ-жауап әдісін пайдалан.

5. Тест сұрақтарына дұрыс жауап беру үшін алдымен қате жауапты сызып тастау.

6.Пән мұғалімдерінің оқушыларды ҰБТ-ге дайындау жоспары бар.Байқау сынақтарының сараптамасын талдау және оны оқушы мен ата-аналарға таныстырылады. Байқау сынақтарынан төмен көрсеткіш көрсеткен оқушыларға көмек ұйымдастырылды, байқау сынақтарының салыстырмалы диагностикасы.
Мұғалімдердің оқушыны ҰБТ-ге дайындаудағы жұмыс жүйесі төмендегі кезеңдерден тұрады.
І. Ұйымдастырушылық кезең:

оқушыларды ҰБТ-ді ұйымдастыру және өткізу ережелерімен таныстыру,ҰБТ-ге арналған бұрыштама жасап ілу. 5-ші таңдау пәнін дұрыс таңдау мақсатында кәсіби бағыт бағдар беру; жыл көлеміндегі және тоқсандық қорытынды бағаларының дұрыс обьективті
қойылуына бақылау жасау; аралық байқау тестілеуіне мониторинг жүргізу.
ІІ. Ақпараттық кезең:

ҰБТ туралы сайттар мен қосымша әдебиеттермен таныстыру; білім және ғылым министрі мен ұлттық мемлекеттік тестілеу орталығының нормативті құжаттарымен таныстыру.
ІІІ. Психологиялық кезең:

пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің іс-тәжірибе алмасу семинарларын өткізу; оқушыларға арналған психологиялық тренингтерді ұйымдастыру және өткізу; оқушыларға «Қорқынышты қалай жеңуге болады» тақырыбында сынып сағатын өткізу;ата –аналар жиналысын өткізу. Мұғалімдердің алға дайындалудағы мақсаты:
Мақсаттар:
1.Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуі тиіс;
2.ҰБТ-ге сапалы дайындық ұйымдастыру;
3.Оқушыларды 100% оқу үлгеріміне талаптандыру;
4.ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарлату.

Мұғалімге мақсаттарына жету үшін қажет.

А) ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жоспарын жүйелі түрде ұйымдастыруы,

Ә) Дайындық кестесі пән мұғалімінің сабағына сәйкес құруы,

2. Пән мұғалімдерінен қажет көмектер

А) Жекелеген оқушыларға сабақтар беру

Ә) Қиындық келтіретін сұрақтармен талдау жасауға көмек беру

Б) Тесттер,қосымша тапсырмаларды көбейтуге ат салысу

3. Сынып жетекшілерінен көмек

А) Оқушылардың дайындық сабақтарына толық қатысуын қамтамасыз ету.

Ә) Пән мұғалімдерімен байланыста болу

Б) Жекелеген оқушылардың қосымша сабаққа қатысу кестелерін реттеу.

В) Ай сайын алынған сынама тестердің қорытындысы шығарып, оқушыларды, ата-аналарды таныстыру

ІІ. Оқушы.Оқушылардың дайындық сабақтарына уақытылы қатысуы.

  1. Қажетті оқу-құралдарының болуы . Тест сұрақтары оқулықтардан дайындалатындықтан, 11-сынып оқушыларында төменгі сыныптың оқулықтарының болуы, білім сапасын көтеруге зор пайдасын тигізеді. Оған қосымша Шың кітабы, әр жылғы тесттер жинағы, 5+ тест ,Достық, USTADY тестілеу орталығымен байланыс қосымша жұмыс дәптерлері бар.

Мұғалімдердің жүйелі жұмыс жасау барысында пәндер бойынша ҰБТ-ы нәтижелері:

ҰБТ нәтижесі

2015-2016 оқу жылы

2017-2018 оқу жылы

2018-2019  оқу жылы

2019-2020 оқу жылы

86.6

87

70

72

 

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024