Пятница, 19.04.2024, 15:49
Приветствую Вас Гость | RSS

Теміртау қаласының №9 лицейі

Меню сайта
Категории раздела
Мектеп жаңалықтар [0]
аропанопноп
jkhjlkhlk [0]
xcfbvf
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Бейінді оқыту

«Теміртау қаласы № 9 мектеп – лицейі» КММ

2019-2020 оқу жылындағы бейіналды және кәсіби бағдар бойынша жүргізілген

жұмыстар

 

«Ерте жастан кәсіптікке баулу- табысты жұмыстың кепілі» тақырыбында мұғалімдер арасында педагогикалық кеңес өткізілді. Оның негізгі мақсаты - оқушылардың мамандық таңдау үдерісінде тұлғаның қызығушылығы мен қабілетін, еңбек нарығындағы қажеттіліктерді ескере отырып оңтайландыру.

     

Мамандықты дұрыс таңдау бойынша сайттармен педагогикалық кеңесте таныстырылды.

http://www.ucheba.ru/prof/

http://www.e-xecutive.ru/career/trades/

http://www.vde.infobus.ru/dictionary.html

http://naviobraz.tsu.ru/slov_prd.htm

http://www.estrabota.ru/index.phtml?go=slov http://job.informika.ru/smi/jfy59.htm

http://www.zarplata.ru/

http://www.job-today.ru/issue/st29_03.htm

http://www.vakansii.com.ua/showArticleNames.html?id=24

Кәсіптік бағдар беру апталығы аясында өткізілген іс-шаралар.

Мектебімізде 14-21 -қараша 2019 ж аралығында кәсіптік бағдар беру апталығы ұйымдасытырылып, 1-11 сынып оқушылары арасында іс-шаралар өткізілді . Мектептегі сынып жетекшілер, пән мұғалімдері және психолог, әлеуметтік педагог , кітапханашылар, тәлімгерлердің жауапкершіліктерімен жекеленген сыныптармен кеңес беру, насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Жоспарға сәйкес әрбір сейсенбі ұйымдастырылатын оқушылар жиынында мектебіміздің 5 «Б» сынып оқушыларының дайындауымен үгіт –насихат тобы «Мамандық - өмір таңдауы» атты апталықтың ашылуын ұйымдастырды.

     

Оқушылар арасында өз таңдаған мамандықтарын ребус, сурет түрінде және эссе жазу арқылы ой толғаныстарын білдірді.

«Ерте кәсіптендіру негізіндегі кәсіптік бағдар» облыстық жобасы негізінде Теміртау қаласы индустриалды техникалық колледжімен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылуда. Колледжге экскурсия жасалды. Теміртау қаласы индустриалды техникалық колледжімен танысу мақсатында 26-қараша күні 4-сынып оқушылары Бауыржан Момышұлы атындағы мұражайға саяхат жасады. Мұражайда оқушылар қаламыздың тарихы мен көне жәдігерлерімен танысты. Қаламызда еңбек еткен көптеген ұлы тұлғаларымыздың өмірбаянымен танысып олардың суреттерін тамашалады. Сонымен қатар оқушылар ұлы отан соғысы кезіндегі соғысқа аттанаған жауынгерлердің ұстаған заттарын көре отырып, оның осы уақытқа дейін қалай сақталғандығына таңданыспен қарады. Көптеген көне жәдігерлер мен қару-жарақ бұйымдарды көріп балалар тамаша әсер алып, өте жақсы көңіл-күйге бөленді. Оқушылар қызыға тыңдап өз пікірлерімен бөлісті. Мұражайда кәсіптік маман иелерінің жасаған көрнекі бұйымдарымен танысты.

   

Теміртау қаласындағы кәсіптік техникалық колледждерге оқушылар экскурсияға мамандық таңдау бойынша сынама жұмыстарына қатысып өз мамандықтарын таңдады.
  

9-11 сынып түлектерінің таңдау пәндері

9 сынып:

Оқу жылы

Оқушы саны

колледж

грант

Химия-биология

 

Ағыл тілі-тарих

 

грант

Мат–физ

1

2017-2018

72

42

34

4

32

2

2

2018-2019

52

31

2

6

26

3

3

2019-2020

86

50

39

7

40

5

 Мектебіміздің бағыты химия-биология пәндерін таңдауы жүйелі нәтиже беруде.

9 сынып түлектерінің мамандық таңдаудағы арнаулы техникалық кәсіпті таңдауымен байланысты, қаламыздың орта кәсіптік колледждеріне (Математика –физика, география)грант иегерлері атануда.11 сынып түлектерімен салыстырғанда таңдау пәндерінде айырмашылық байқалады.10-11 сынып оқушылары мектебіміздің химия- биологиялық бағытына қарай өз нәтижелерін  көрсетуде

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы төмендегідей мамандандырулар бойынша "Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша күндізгі оқыту нысаны бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқытады:

ІІО-дағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру;

ІІО жедел-криминалистикалық қызметі (криминалистикалық, дактилоскопиялық, трасологиялық, баллистикалық зерттеу, суық қаруды зерттеу жүргізуге рұқсат алумен).

ОҚЫТУДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

- мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылдау және оқыту. Тұрмысқа жайлы жатақханада тұру, стипендия алу, тамақпен, заттай жабдықталыммен қамтамасыз ету, күндізгі оқыту нысаны бойынша толық курсты бітіргендерге (оқыған кезеңі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі) каникулдық демалыс кезеңіне қалааралық автомобиль (таксиді қоспағанда), темiржол және су көлiгiмен тұрақты тұратын жеріне баруға және кейiн қайтуға жол жүру ақысы төленедi;
         - түлектерді арнайы бөлуге сәйкес оларды қызметін өткеруге жіберумен жұмысқа орналастыру;

         - оқу аяқталғаннан кейін бітірушілерге "құқық қорғау қызметі бакалавры" біліктілігі берілумен белгіленген үлгідегі диплом беріледі және Ішкі істер министрінің бұйрығымен "полиция лейтенанты" арнаулы атағы беріледі.

ОҚУҒА ТҮСУ ТӘРТІБІ

Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуға орта бiлiмi бар, жасы он алтыға толған адамдар қабылдана алады.

ҰБТ тұрғылықты жері бойынша азаматтық оқу орындарының базасында 25 маусым мен 5 шілде аралығында өткізіледі. Талапкерлер ҰБТ тапсыру кезінде Қазақстан Республикасы БҒМ 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген ҰБТ өткізу қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес кез келген нұсқада (шығармашылық емтиханнан басқа) екі бейінді пәнді өз бетінше таңдай алады

Конкурсқа қатысу үшін ҰБТ бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде әрбір бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

Құжаттар медициналық куәландыруға жолдама алу және қажетті құжаттарды ресімдеу үшін Академияның ресми интернет - ресурсы арқылы (kpa.gov.kz)  "бакалавриат" онлайн сілтемесі бойынша түскен жылдың 10 шілдесіне дейін қабылданады.

Медициналық куәландырудан, арнайы тексерістен және ҰБТ сәтті өткен оқуға үміткерлер медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелері ескеріле отырып, ҰБТ қорытындысы бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін Академияның оқу-далалық лагеріне шақырылады.

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы жанындағы 8-11-сынып оқушыларының Заңтану және құқық саласында базалық білім алуына, сондай-ақ жастарды болашақ мамандық таңдауда бағдарлауға бағытталған "Жас заңгер мектебі" жұмыс істейді.

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Сабақ Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 37 мекенжайы бойынша орналасқан "Достық" білім беру орталығының ғимаратында өткізіледі (412 кабинет). Қазақстан Республикасының ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының тәжірибелі оқытушыларының қатысуымен Қазақстанның басқа қалаларында тұратын балалар үшін "Skype" арқылы қашықтықтан оқыту мүмкіндігі бар.

Барлық қызықтыратын сұрақтарға 8-702-544-2067 телефоны бойынша жауап береміз. Біздің Instagram парақшамыз @the_school_of_young_lawyer_krg.

https://www.instagram.com/tv/CICu-C1J8Ws/?igshid=1a2zar4j8jlt2

 
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Copyright MyCorp © 2024