Құрметті ата-ана!
№9 мектеп-лицейіне қош келдіңіздер!
Егер:
- егер баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды.
- Балаға үнемі күлсе, ол бұйығы болып кетеді.
- Баланы мақтап отырса, ол өз қадірі үшін оқиды
- Баланы қолдап отырса, ол өз бағасы үшін оқиды.
- Бала төзімділікте өссе, ол адал болып жетеді
- Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды.
- Бала кекшілдікте өссе, ол қатігез болып өседі.
- Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Сіз мүмкін, тұңғышыңызды әкеліп отырған жас отбасы болуыңыз немесе өсіп өнген тәжірибелі ата-ана болуыңыз мүмкін. Дегенмен жоғарыдағы ұсынылып отырған психолог кеңесінің артықшылығы болмайды деп білеміз.
Сөз соңында ұлы ұстаз Макаренконың "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды" деген парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдік.
Психологиялық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңесті ескерсеңіз артық болмас:
- Таңертең не түсте бала сабаққа барада баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Яғни тамағын ішпей жатып, ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.
- Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда "болда болдың" астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
- Баланы сабаққа, әсіресе таңертең ашқұрсақ түрінде жібермеңіз.
- "Бұзық болма", "Қисалаңдамай тыныш жүр", "Бүгін 2 алсаң, құртамын" деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз.
- Есіктен кірмей жатып, *Бүгін қандай баға алдың* деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.
- Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, "сені тыңдауға уақытым жоқ" демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз.
- Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады.
- Балаңыздың қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыздар.
- Үйге келген соң балаңыздың да пікірін тыңдап алып барып, қателіктерін жайлап түсіндіріңіз.
- Мектепте келе сала баланы отырғызып қойып, сабаққа дайындалтпаңыз. Оларда 2-3 сағат ойнап, демалғаны жөн. Түсте ұйқтап тынықсын. Бесін мезгілі – сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
- Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуді талап етпеңіз. Әр сабаққа үзіліс жасау арқылы әзірленген дұрыс.
- Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
- "Егер сен осы сабақты орындамасаң" деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Оданда өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
- Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз.
- Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, басы ауырса, бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
- Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.
Халық даналығында:
"Балаңды 5-ке дейін патшадай тәрбиеле, 15-ке дейін еңбекке құлыңдай тәрбиеле, 15-тен кейін ақылшың ретінде ұста" деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.
Оқушыларға ата-ананың көмегі
- Жайлы жағдай тудыру қажет;
- Баланың ыңғайлы отырғанын, бөлменің тыныштығы мен жарықтандырылуын, баланың назарын ештеңе аландатпайтынын қадағалауы қажет;
- Баланың көңіл-күйінің оның әдеттегі нормасына сәйкестігіне (тамағы тоқ, ұйқысы қанған, мүмкіндігінше сабырлылығын және т.б) көз жеткізіңіз;
- Тестіге дайындық барысында нейтралитетті жағдай сақталу қажет;
- Балаға тікелей немесе жанама түрде көрсетіп жіберу немесе тапсырманы ол орындай салу тәрізді «арандатуға» жол берілмеуі қажет;
- Баланы сәтті орындаған тапсырмалары үшін мадақтау, күмәнданған жағдайда демеу көрсетілу қажет;
- Ата-ана баласына сену керек, үнемі көмектесу керек және мұғаліммен тығыз байланыста болу керек.
Оқушыларға мұғалімдердің көмегі
- Пән мұғалімдерімен сынып оқушыларының арасында жағымды қарым-қатынас орнатуға жағдай жасау;
- Оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйде болуына ықпал ету;
- Ата-аналарымен тығыз байланыста болу;
- Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын қадағалау;
- Таңдаған пәндерінің қаншалықты өзіне қажеттігін анықтау;
- Оқушы қиналған немесе өзіне сенімсіздігі пайда болған жағдайда қол ұшын беру;
- Мектеп психологымен тығыз байланыста болу.